Лента новостей
0

Павлодар облысында ажырасқандар саны 24 пайызға артқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.09.2017 09:24 Zakon.kz
Павлодар облысы жас отбасыларының ажырасуы бойынша елімізде көш бастап келеді.
Павлодар облысында жастар арасында ажырасқандар саны былтырмен салыстырғанда 24 пайызға артып, 1564-ке жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1371 болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы жастар бастамаларын дамыту орталығында «2018-2020 жылдар аралығында Павлодар облысында жас отбасылардың арасында ажырасу көрсеткішін төмендетуге бағытталған бағдарламаны әзірлеу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында орталықтың басшысы Саят Жүсіпбаев мәлім етті.

- Павлодар облысы жас отбасыларының ажырасуы бойынша елімізде көш бастап келеді. Жанұяның екі мүшесі 14-29 жас аралығында болса, жас отбасы болып табылады. Сондықтан біз осы қорқынышты статистиканы төмендету мақсатында бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың өкілдерінің осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіріп, үн қосуы үшін дөңгелек үстел басына жинап отырмыз. Қазіргі таңда бұл жобаны жетілдіріп, түзетулер енгізілуде. Әлбетте, жалақы мәселесін шешу мүмкін емес, себебі ол жұмыс берушілерге қатысты. Дегенмен мұның барлығы әлеуметтік қызметтер бағасы мен жолақысын төмендетуге, материалдық көмек көрсетуге бағытталады, - дейді Саят Жүсіпбаев.

Спикердің айтуынша, көптеген жағдайда қаржының жетіспеушілігі, баспананың болмауы сияқты мәселелер шаңырақтың шайқалуына себеп болып жатады. Егер де тұрғындар тарапынан осы тақырып төңірегінде ұсыныстар мен тілектер болса, орталықтың электронды поштасы мен әлеуметтік топтарға жолдауларына болады.

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» медиациясының жетекшісі Ольга Николашина отбасын сақтап қалу бойынша бірқатар ұсыныс-тілектерін білдіріп өтті.

- Бұл ретте қазақтың менталитеті мен салт-дәстүрі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәлім-тәрбие маңызды рөл атқарады. Бүгінгі буын өзінің ата-бабасы салып кеткен жолға қарайды. Сондай-ақ, адам баласы математика мен химияны жетік білмегені қорқынышты емес. Оның әлеуметтік ортада қалыптаса білуі өте маңызды. Отбасы мен ұжымда дұрыс қарым-қатынас орнамаған жағдайда сана-сезімге ауыртпалық түсіп, күйзеліске ұшырайды. Нәтижесінде осының барлығы ішкі ағзаларға әсер етеді. Сондықтан жоғары оқу орындары мен мектептерде, балабақшаларда психология мен қарым-қатынас, этика және адамгершілік сияқты пәндер енгізу және жастарға баспана алуға төмендетілген пайызбен несие беру мәселенің шешімін табуға әсерін тигізер, - деді Ольга Николашина.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: egemen.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: