Лента новостей
0

Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығы азаймай тұр

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.09.2017 10:37 Фото: zakon.kz
Өңірдегі ұрлықтың басым бөлігін барымта қылмысы құрайды.
Облыста мал барымталау қылмысының жалпы көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда 31 пайызға кеміген. Алайда мал ұрлығы әлі де өршіп тұрған аудандар бар. Солардың қатарына жататын Абай ауданында облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы жуықта тұрғындармен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқылады, деп жазады altaynews.kz.

Ауданның тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Сол себепті де жан бағып отырған малдың ұрлануы абайлықтар үшін ауыр тиетін қылмысқа жатады.

-Өңірдегі ұрлықтың басым бөлігін барымта қылмысы құрайды. Бүгінгі күні 16 мал ұрлығы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың бұл түрі 7 фактіге артқан, – деп атап өтті Абай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші Арафат Есенғарин.

Кездесу барысында барымташылықтың өршуіне әкеліп соқтырған бірнеше факторлар анықталды. Жүргізілген сараптама мал көбінде жайылымда жүрген жерінен жоғалатынын көрсеткен. 16 бас жануардың он екісі қараусыз жайылып жүрген жерінен қолды болған. Оның үстіне малдарын жоғалтқандар полицияға көп уақыт өткеннен кейін ғана хабарлайды.

Ауылдың тұрғындарына мал ұрлығының алдын алу шаралары түсіндірілді. Ол үшін әрбір жануарға ен салып, малды бірлесіп жаюды ұйымдастыру, заманауи технологиялық құралдарды қолдану сияқты кеңестер берілді.

Фото: altaynews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: