Лента новостей
0

Елімізде соңғы 20 жылда жұқпалы аурулардың көрсеткіші төмендеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2017 15:53 Zakon.kz
Туризм және сауда-экономикалық қарым-қатынас дамыған сайын қауіп күшейіп тұр.
Мәселен, қызылша 59 есе, «В» гепатиті тұрғындар арасында 23, ал балалар арасында 52 есеге азайған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ғылыми конференцияда айтылды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Отандық медицина саласының мамандары Германия, АҚШ, Израиль, Ресей сынды мемлекеттерден келген шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Екі күнге созылатын шара аясында жұқпалы індеттердің алдын-алу мәселесі талқыланады.

Сала мамандары: «Африка мен Азия халқының Еуропа мен ТМД аумағына қоныстануы елімізде тіркелмеген инфекция түрлерінің таралуына зардабын тигізуі мүмкін», – дейді. Сондай-ақ туризм және сауда-экономикалық қарым-қатынас дамыған сайын қауіп күшейіп тұр.

Динагүл Баешева, «Астана медицина университеті» АҚ кафедра меңгерушісі:

– Біз шетелдерге барып тұрамыз. Таиланд, Үндістан дейсіз бе. Ол жақта өздерінің аурулары бар. Соларды алып келуіміз мүмкін. Пайда болмас үшін біз әрқашан да дәрігерлерге айтып, үйретіп, бір-бірімізбен тәжірибемізбен бөлісіп жатырмыз.

Фото:Likar.info

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: