Лента новостей
0

Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз—өзін өртеп жіберді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.09.2017 17:41 Zakon.kz
Беті бері қарағанына қарамастан, зардап шегушінің бауыры мен бүйрегі істен шығуы мүмкін.
Маңғыстау облысында үстіне бензин құйып өз-өзін өртеген ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы stan.kz, "Лада" жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 15 қыркүйек күні болыпты. Қатты күйік шалған зардап шегуші алдымен орталық ауруханаға, сосын тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Облыстық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиевтің айтуынша, ер адам ауруханаға түскен кезде мас күйде болған.

“Денесінің 55 пайызы күйіп қалған, қатты күйік мөлшері – 35 пайыз. Жасанды демалу құрылғысымен жансақтау бөлімінде күйікті емдеу төсегінде жатыр”, — дейді Жансерік Шаухымбердиев.

Дәрігерлердің айтуынша ауыр халде жатқан ер адамның жағдайы оңалу үшін кемі 3-4 апта уақыт керек. Беті бері қарағанына қарамастан, оның бауыры мен бүйрегі істен шығуы мүмкін.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: