Лента новостей
0

Петропавлда зират басындағы гүлдерді тонап, оны сатумен айналысқан саудагер ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.10.2017 10:01 Zakon.kz
Ұрыны құрықтау үшін арнайы операция жүргізген сақшыларға зираттың күзетшісі көмектескен.
Петропавлда зират тонаған саудагер ұры құрықталды! Түнделетіп қорым аралаған ол қабір басындағы гүл шоқтарын қолды қылып, күндіз бар олжасын сатып отырған. Осылайша арам жолмен ақша тауып келген әккі оқиға орнында ұсталды, деп жазады КТК телеарнасы.

Ұрыны құрықтау үшін арнайы операция жүргізген сақшыларға зираттың күзетшісі көмектескен.

Алғашында көлігінен табылған гүл шоқтары мен дестелерді қоқыстан тауып алдым бет бақтырмаған ұры, кейін бәрін мойындапты.

Қолға түскен 37 жастағы күдікті оңай олжасын өзінің сауда нүктесінде сатып келген екен. Ал, мұндай жайсыз оқиға жайында жаз айынан бастап сақшыларға арыз түсе бастаған.

Онда тұрғындар марқұмдардың қабірінің басына қойылған гүл шоқтарының жоғалып кетіп жатқанын айтып шағымданған. Енді ұры үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Автор: Мақсат Мәліков

Фото: magomagii.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: