Лента новостей
0

Ресейде пойызға соғылған автобус Қазақстаннан болып шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.10.2017 10:30 Zakon.kz
Жол апаты бүгін жергілікті уақытпен 03:39-да Покров теміржол стансасында болды.
Ресейдің Владимир қаласы жанында жолаушылар пойызымен соқтығысқан автобус Қазақстаннан барған деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Владимир облысы Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарлаған.

Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов министрлік оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтқан. Сонымен қатар ол автобус Қазақстаннан екені және қаза болғандар мен жарақат алғандардың қазақстандықтар екені әзірге расталмағанын мәлімдеген

Бұдан бұрын хабарланғандай, жол апаты бүгін жергілікті уақытпен 03:39-да Покров теміржол стансасында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі қызыл шамды елемей, теміржол өткеліне шығып кеткен. Салдарынан Санкт-Петербург – Төменгі Новгород бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысты.

«Қазіргі таңда 16 адамның қаза тапқаны, 34-і тірі екені белгілі, екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала есептеу бойынша, 12 адамды жедел жәрдем алып кеткен», - деп мәлімдеді Покров қаласы әкімшілігінің басшысы Вячеслав Аракелов.

Фото: lenta.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: