Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Новости за сегодня

Депутат: шекара бекеттеріне батыр бабаларымыздың есімін беру керек

6 октября 2017, 15:08

Депутаттың айтуынша, батыр бабалар атымен аталған шекаралық заставалар – өзге мемлекеттердің азаматтарына Қазақстанды әз тарихын және ер ұландарын ұлықтайтын, ұмытпайтын ел ретінде көрсетіп тұрады

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл еліміздегі шекара бекеттеріне қазақ батырларының есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасы өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында: "Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай", – деп атап көрсетті. Біздің батыр бабаларымыз аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын, о шеті мен бұ шетіне құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр жердің шебін ғасырлар бойы қанын төксе де, арын төкпестен, жанқиярлықпен қорғады. Бүгінгі бейбіт заманда Ұлы Даламыздың шебін қорғаушы жауынгер-шекарашылар да сол батыр бабаларымыздың бүгінгі буыны болып табылады", — деді депутат мәжілістің жалпы отырысында вице-премьер Ерболат Досаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, бүгінде 5 мемлекетпен шектесетін және жалпы ұзындығы 15 мың шақырымдай болатын шекарамызда 300-ге жуық шекара заставасы құрылған. Осы заставаларға сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да ұстатпай, ұрпағына толық мирас еткен батыр бабаларымыздың атын берсек, орынды болар еді.

"Мұның ұлағатты үлгісі де бар. 2017 жылдың 3 сәуірінде қабылданған №157-ші Үкімет қаулысына сәйкес, Өзбекстанмен арамыздағы шекарадағы Қызылорда шекара отрядының 2019-шы әскери бөлімінің "Қызылқұм" шекара заставасы Жанқожа батырдың атымен қайта аталды. Осының алдында, 2014 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында өткен, Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына арналған республикалық ауқымдағы іс-шара барысында Қызылқұмдағы шекара бекетіне батырдың есімін беру бастамасын көтерген болатынмын. Бұл бастама жүзеге асты және бұл Қазақстанның Шекара қызметі құрамындағы оныншы атаулы застава болып отыр", — дейді ол.

Бұл, депутаттың айтуынша, біріншіден, ел шебі мен ұлттық қауіпсіздікті қорғаушы шекарашыларымызды дархан далаға қалқан болған батыр бабалардың ұлы рухында, Мәңгілік елдің мақсат-мұратында тәрбиелеуге үлес қосады. Екіншіден, Қазақстан тарихында ерекше орын алар тұлғалардың атын мәңгі қалдыруға қызмет етеді. Сонымен қатар Елбасы рухани жаңғырудың "Туған жер" бағдарламасы аясында ұсынғандай, бұл "есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері" арқылы жас ұрпақтың туған жер тарихын тануына ықпал жасайды.

"Төртіншіден, батыр бабалар атымен аталған шекаралық заставалар – өзге мемлекеттер азаматтарына Қазақстанды әз тарихын және ер ұландарын ұлықтайтын, ұмытпайтын, солардың биік рухымен рухтанатын өр әрі өркенді ел ретінде көрсетіп тұрады. Бесіншіден, бұл меценаттарды шекаралық заставаларға көмек көрсетіп, қамқорлық жасауға тартуға жол ашады. Өйткені шекарашылар өз қызметі үшін қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілгенімен, шекаралық заставалардың көбі кеңес заманында тұрғызылған және материалдық-техникалық базасы тоза бастаған", — деп атап өтті депутат.

Бақытбек Смағұл үкімет басшысының орынбасарынан Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Наурызбай, Ер Жәнібек, Райымбек, Жалаңтөс Баһадүр және басқа да байырғыдан бергіге дейінгі батырларымыздың есімдерін еліміздің әр өңіріндегі шекара заставаларына беру мәселесін қарастырып, тиісті нұсқау беруін сұрады.

Фото: sputniknews.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 
Лучший выбор – инвес-тиции в свое образо-вание! MINI-MBA -43%

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...