Лента новостей
0

Шекарашы офицер тұрғындардан қорғанып, «Калашников» автоматынан оқ атқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.10.2017 12:50 Zakon.kz
Әскери-тергеу басқармасы шекарашылардың қаруды пайдалану заңдылығын тексеруде.
Шекарашы офицер Атырау облысының теңіз жағалауындағы Дамбы поселкесінің тұрғындарынан қорғанып, «Калашников» автоматынан ауаға және жерге 30 рет оқ атқан. Ал таңертең облыстық ауруханаға аяғына оқ тиген жарақатпен ер адам медициналық көмек алуға жүгінген. Қазір оның түнгі оқиғаға қатыстылығы тексерілуде, деп жазады azh.kz.

Түстен кейін Батыс өңірінің әскери прокуратурасы өз қызметкерлерінің әрекеттерінің дұрыстығына қатысты дәлелдер келтірген баспасөз хабарламасын таратты. Ресми жорамал бойынша, 10 қазанға қараған түні шамамен сағат 03.30-да шекаралық жасақ өзеннен габариттік сигнал жарығы жоқ үш байданың қозғалып бара жатқанын байқаған. Кешікпей ондағы адамдар қапшықтарын мотоцикл мен автокөлікке тией бастаған. Сол кезде екі шекарашы – келісімшарт бойынша қызмет етуші офицер мен сержант оларды ұстауға әрекеттенген. Әскери прокуратура растап отырғандай, қапшықтар бекіре тұқымдас балықтарға толы болған. Алайда сол жерде балықшыларға 30 шақты адам көмекке келген.

«Олар ұсталушыларды босатуды талап етіп, күш қолданып, топ болып шабуылдаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен. Заңға қайшы әрекеттерді тоқтату мақсатында шекарашы офицер штаттық қарудан ауаға ескерту оғын атуға мәжбүр болады. Алайда белгісіз тұлғалар офицерді соққыға жыға бастаған. Өз денсаулығына және қаруды иеленіп кету қаупі төніп тұрғандықтан шекаралық жасақ офицері жерге оқ атқан. Осы уақытта белгісіз тұлғалар өзен бойымен байдалармен кетіп қалған, ал мотоцикл белгісіз бағытқа ғайып болған», - деп хабарлайды прокуратура.

Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактілері бойынша облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады.

Сонымен қатар әскери-тергеу басқармасы шекарашылардың қаруды пайдалану заңдылығын тексеруде.

Бұл хикая тағы бір балықшылар ауылында форма кигендермен әлсін әлі орын алып тұратын жанжалдарды еске түсіреді. Жанбайлық синдром балықшылардың тұрмыс салтын ұстанатын ауылдарға жұға бастаған сыңайлы.

Зульфия Байнекеева

Фото: azh.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: