Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда элиталы автокөліктерді тонаушы топ анықталды

Қылмыскерлер автокөліктерді апаттық қосылғыштың көмегімен ашқан.

Фото : 12 октября 2017, 13:07
Алматы полицейлері элиталы жол талғамайтын көліктерді ұрлаған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды sputniknews.kz, қалалық ІІД жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың құрамында 11 адам, оның ішінде бір әйел адам болған.

"Аталған қылмыстық топтың мүшелері өте мұқият әрекет етіп жүрген. Барлықжасалған қылмыстары алдын-ала жоспарланып отырған. Қаскөйлер тек қана қымбат бағалы жол талғамайтын көліктерді ұрлаған. Қыркүйек айында олар, 200-моделді "Тойота Лэнд Крузер" маркалы екі автокөлікті қолды қылған. Екі жағдайда да олар түнде әрекет еткен. Автокөліктерді апаттық қосылғыштың көмегімен ашып, ұрлаған", — деді Алматы қаласы криминалды полиция қызметінің басшысы Жанболат Зиадин.

Қылмыскерлер ұрланған автокөліктерді алдын ала жалға алынған гараждарға жасырған. Негізгі ойлары автокөлік құрал-саймандарындағы белгілерді өзгертіп, сатылымға шығару болған.

Криминалды полиция тарапынан берілген мәліметке сәйкес, бұл қылмыстық топтың бір мүшесі былтырғы жылы ұсталып, 5 жыл шартты мерзімге сотталған болатын.

Фото: sputniknews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии