Лента новостей
0

Мұғалім болып жұмыс істеген педофил 17 жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.10.2017 14:06 Zakon.kz
Сот үкімі бойынша істі болған Кравцовқа өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынып отыр.
Қостанай облысы Федоров ауданының Первомай орта мектебі мен жергілікті балабақша және ауылдық мәдениет үйінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген 40 жастағы Ленонид Кравцов 17 жылға сотталды. Оған 14 жасқа толмаған жасөсіпірдерді жыныстық қатынасқа итермелегені үшін айып тағылған, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталмыш іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, қылмыскерге үкім кесілді.

«Сот Кравцовқа 17 жыл берді. Оның ісі бойынша үш жәбірленуші болғанын айта кеткен жөн. Сотқа келіп түскен іс материалдары бойынша сотталушы 2017 жылдың 17 маусымында ауылдық мәдениет үйіне 6 мен 10 жасар аралығындағы кішкентай қыздарды алдап кіргізіп алып, шешіндіріп, арам ойын іске асырмақ болған», – дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ерлік Сералин.

Сондай-ақ, сот үкімі бойынша істі болған Кравцовқа өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынып отыр.

Мешіт Ғазиз

Фото: svidetel24.info
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: