Лента новостей
0

Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.10.2017 10:03 Zakon.kz
Қасқырды жергілікті тұрғындар атып тастаған.
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылында 14 қазан күні қасқыр 8-сынып оқушысына шабуылдаған. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Әкім орынбасарының айтуынша 14 қазан күні таңертең бала қойлар тұрған қораға барған.

“Ол қораға кіріп қасқырды көреді. Бірақ, бұл біреудің иті шығар деп ойлаған. Жыртқыш күтпеген жерден балаға шабуылдап, алайда ол төбеге шығып үлгеріп өзін құтқарып қалады”, – дейді әкім орынбасары Зәйлім Мәжитова.

Бала ересектерді көмекке шақыра бастаған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Сағат 8:40-та ол Жалпақтал аудандық ауруханасына жеткізіліп, құтыруға қарсы дәрі егіледі. Қасқыр баланың оң жақ сан етінен тістеп үлгерген екен. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық.

Зәйлім Мәжитованың сөзінше қасқырды жергілікті тұрғындар атып тастаған.

“Аңның тиісті бөлігі сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысы 10 күн ішінде дайын болады”, – деді ол.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: