Лента новостей
0

Атамбаев өзінің өткендегі пікірлеріне қатысты артық кеткенін мойындады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.10.2017 15:32 Zakon.kz
Әрі бауырлас, әрі көршілес Қазақстанмен тату тұрудың қажеттілігін де атап өтті.
Ашу дұшпан, ақыл дос. Атамбаев түсінсе керек мұны. Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берген Атамбаев өзінің өткендегі пікірлеріне қатысты артық кеткенін мойындады. Бұл туралы dalanews.kz Қырғызстанның kg.akipress.org порталы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Әрі бауырлас, әрі көршілес Қазақстанмен тату тұрудың қажеттілігін де атап өтіпті.

"Бәлкім, Қазақстан президенті туралы сол шақта тым эмоциямен айтқан шығармын. Мұным қателік болған шығар. Артық кеткен жоқпын ба, соңғы бірнеше күн осыны ойладым. Өз басым әрдайым, әрқашан көршімізбен бауырлас, тату әріптестікті қалаймын. Көршілермен қабақ шытыспай тату тұрғанымыз абзал. Рас, кейде төзімділік таныту керек шығар, дегенмен тәуелсіздігімізді әрдайым қорғауымыз қажет, – деген екен Атамбаев.

Айта кетсек, Қырғызстандағы сайлау қарсаңында Алмазбек мырза Қазақстан билігіне қарата өткір-өткір сын айтқан.

«Көршіміз ішкі ісімізге тұмсық тығып отыр» деген–тұғын Атамбаев. Мұнымен тыйылмаған. Араға уақыт салып тағы бір мәлімдеме жасаған.

Бұл жолы қазақтың соңғы ханы Кенесарыға тіл тигізген болатын. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Фото: sputnik.kg
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: