Лента новостей
0

Павлодар облысында өрттің құрбаны болғандардың 50 пайызында қан құрамынан алкоголь анықталған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.10.2017 16:15 Zakon.kz
Мас күйінде төсекте жатып шылым шегудің соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады.
Павлодар облысында жыл басынан бері тіркелген 703 өрттің 431-і жеке секторда орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт саласындағы қауіпсіздікті бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Серік Ысқақов айтты.

– Өртте қайтыс болған адамдардың 50 пайызының қан құрамында алкоголь анықталған, - дейді Серік Ысқақов. - Мас күйінде төсекте жатып шылым шегудің соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Тілсіз жаудан келтірілген материалдық шығын 78 миллион 308 мың теңгені құрады. Биылғы жылы жылыту кезеңі басталғаннан бері 1-20 қазан аралығында 62 өрт тіркелген.

Материалдық шығын сомасы - 3 миллион 525 мың теңге. Нәтижесінде үш бала қайтыс болды. Оның ішінде екі жағдайда балалардың отпен ойнауы, бір жағдайда отты абайсыз пайдалану себеп болған.

Өрттен жарақаттанған жеті адамның екеуі - бала. Өртсіз тұншықтырғыш газбен уланғандар саны (пешті жылытудан) - жеті адам, оның үшеуі - бала.

2017-2018 жылғы жылыту маусымына дайындық алдында тұрғындардың арсында өрт қауіпсіздігін ескерту мақсатында төтенше жағдайлар депратаменті азаматтық қорғаныс органдары, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге әр сенбі сайын рейд өткізуде.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: