Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қан орталығына тапсырылатын қанның 36 пайызы жарамсыз — дәрігер

Жыл басынан бері қан орталығына 5000 литрден аса қан тапсырылған.

Фото : 14 ноября 2017, 09:16
Денсаулық сақтау министрлігінен келіп түскен жаңа нұсқауға байланысты қан қабылдау көлемі азайтылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz. Осыған орай, Ақтөбе облыстық қан орталығының мамандары донорлар санын қолдан азайтып отыр.

«Қан тапсыру саласында 1998 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Жыл сайын қан тапсырғысы келетіндер саны көбейіп келеді. Дегенмен, осы жылы ереже өзгерді, талап күшейтілді. Қанды тек белсенді донорлар мен әрқашан көмек созатын ұйымдардан аламыз. Себебі, алынған қанның 36 пайызға жуығы жарамсыз болып жатыр. Утилизацияға жібереміз. 42 күннен артық сақталмайтын болғандықтан ысырап болып жатады», — деді облыстық қан орталығы директорының орынбасары Гүлсім Әбдірахманова.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері қан орталығына 5000 литрден аса қан тапсырылған.

Әлішер Садық

Фото: Aktobenews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии