Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Көкшетауда судьяны өлтірген қаныпезер өмір бойына сотталды

14 ноября 2017, 10:25

Сотталған азамат өлтірілген судьяның туған-туыстарына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Ақмола облысы қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының бұрынғы төрайымын өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бастапқы тергеу органдары Медет Әбдірахмановты Ақмола облыстық соты қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының бұрынғы төрайымы Жанна Бердіғұловаға қатысты ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі 10-пункті (өлтіру қатерін төндіріп зорлау), 99-бабы 2-бөлігі 10-пункті (Басқа қылмысты жасыру үшін кісі өлтіру), 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық, біреудің мүлкін тонау), 384-бабы 3-бөлігі (Ресми құжаттарды тонау) бойынша қылмыстар жасағаны үшін айыптады. Бұл қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Алқабилер Әбдірахмановты айыпты деп үкім шығарды. Сот отырысына қатысушылардың қорытындысына сүйене отырып, судья сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Сотталған азамат өлтірілген судьяның туған-туыстарына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

46 жастағы Жанна Бердіғұлова 12 маусымда өлтірілген. Әйел адам туған қаласы Алматыда жаңа лауазымға ие болып, көшкелі жүрген болатын. Тергеу материалы бойынша, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны жиһаз сату туралы хабарландыру арқылы келіп, оны өлтірмек болған. Қылмыскер әйел адамды буындырып, жеке мүлкі мен судьяның қызметтік куәлігін ұрлап кетті.

Әдірахманов үш рет сотталған, оның ішінде адам өлтіргені үшін 14 жыл түрмеде отырған.

Фото: www.inform.kz



Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...