Лента новостей
0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне биыл 80 жыл

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.11.2017 13:20 Zakon.kz
Мерейлі мерейтой аясында білім ордасы «Жұлдызды 30 күн» атты қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастырады.
Тамыры тереңнен басталған Сыр өңіріндегі іргелі оқу ордасы талай тұлғаны тәрбиелеп түлеткен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне биыл 80 жыл! Осынау тарихи кезеңде университет талай шыңдар мен биік белестерді бағындырды, білім берудегі үздік нәтижелерін дәлелдеді.

Мерейлі мерейтой аясында білім ордасы «Жұлдызды 30 күн» атты қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға мұрындық болып отыр. Қараша айының алғашқы күнінен бастау алған шаралар айдың соңына дейін жалғасын таппақ. Шараның алғашқы аптасы спорт күндеріне арналып, жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне университеттің спорттық жарыстары, нәтижелері және спорт секциялары таныстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин, халықаралық дәрежедегі зілтемірші Алмас Өтешов, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев, 2016 жылғы Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков және өзге даңқты спортшылар Қорқыт Ата университетінің түлектері. Бұдан бөлек, «80 жылдыққа 80 минуттық жаттығу» тақырыбында университеттің профессор-оқытушылары мен студенттерінің сенбілік сергіту сәті өтті.

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы да университет шараларынан тыс қалған жоқ. Университеттің ғылыми-техникалық кітапханасында «Рухани жаңғыру – болашаққа сенім» тақырыбында кітаптар көрмесі өтті. Сондай-ақ, «Мәдени мұра – рухани құндылық» тақырыбында «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы университет студенттері мен жергілікті БАҚ өкілдеріне таныстырылды. Іргелі оқу ордасының ардагер-ұстаздарымен де кездесу ұйымдастырылып, жастарға үлгі-өнеге жиыны көрсетілді.

Алда Академик А.Д.Таймановтың 100 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» атты Екінші халықаралық ғылыми Тайманов оқуларының пленарлық мәжілісі, университеттің жұлдызды түлектерімен кездесу және өзге де маңызды іс-шаралар жалғасын табады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: