Лента новостей
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.11.2017 11:07 Фото: zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 

Сыбайлас жемқорлық қашан және қай елде пайда болғанын ешкім дәл айта алмайды, бірақ ежелгі замандағы алғашқы мемлекеттердің құрылуы кезеңінде екендігі бәріне мәлім.

 Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық саяси дамуына қарамастан әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде кең тараған, ал олардың айырмашылығы тек дамуының көлемімен ғана ерекшеленеді. Біздің елімізде де бұл құбылыс өмір сүруін жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің саяси, экономикалық әлеуметтік және өзге де саладардағы дамуының тежелуіне әкеп соғады.

 Сыбайлас жемқорлық тек қана мемлекеттің Ұлттық мүддесіне ғана емес сондай-ақ экономикалық қауіпсіздігіне және халықаралық қоғамдыстықтың мүддесіне қауіп төндіреді. Сол себепті сыбайлас жемқорлықпен күресуде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы БҰҰ-ның және өзге халықаралық ұйымдардың құжаттарында көрсетілген.

 2003 жылдың 31 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 58-ші сессиясының пленарлық отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қабылданған ең алғашқы халықаралық-құқықтық құжат болып табылады.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық келесідей түсінік береді:

 сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

 Жалпыға түсінікті қарапайым тілмен айтатын болсақ сыбайлас жемқорлық - бұл қызметтік лауазымын жеке игілігіне, мақсатына пайдалану.

 Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы қабылданған.

 Елбасы өз сөзінде бұл Стратегияның негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады деп атап өтті.

 Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.

 

Катонқарағай аудандық сотының бас маманы К.Н. Самарханов

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: