Лента новостей
0

Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жетілдірудің жағдайы туралы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.11.2017 13:02 Фото: zakon.kz

Қарағанды облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының

судьясы

Самат Мырзахметов

 

 

 

Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жетілдірудің

жағдайы туралы

 

Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында теңдестірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойынша зорлықтан еркін болу жатқызылады.

Сонымен, гендер дегенміз - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.

Еліміздегі аса маңызды демократиялық процесс - ұлттық гендерлік саясат. 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын (бұдан әрі - Гендерлік стратегия) қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді. Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді. Халықаралық стандарт принциптеріне негізделген еліміздің нормативтік-құқықтық базасы жүйелі түрде жетілдірілген. 2009 жылдың желтоқсан айында алғаш рет гендерлік бағытталған заңнама - «Тұрмыс қажеттілігіне күштеуді жою», «Ерлер мен әйелдердіңтеңқұқықтары мен мүмкіндіктеріне байланысты мемлекеттік кепілдеме» заңдары қабылданды Басқару саласында әйелдер айтарлықтай көп. Мысалы, Барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында әйелдердің саны 55,2 пайыз. Ал жетекші қызметтегі әйелдердің жөні бөлек. Олардың саны әлемдік талаптармен (30 пайыз) салыстырғанда бір шама төмен екені рас. Парламент депутаттарының саны 27,1 пайызға дейін ұлғайды. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда орта есеппен 22,2 пайыз депутат әйел бар. Бірақ 2006 жылы Президенттің жарлығымен қабылданған Қазақстандағы гендерлік саясат туралы құжат бойынша он жыл ішінде басшылықтағы әйелдер үлесін 30 пайызға жеткізу керек. Бүгін де арулар араласпаған сала кемде-кем. Кезінде нәзік жандыларға «қолемес» саналған ішкі істер органдарында жыл сайын қыз-келіншектердің қатары артып келеді. Мәселен, бүгінде ІІМ-нің орталық аппаратында әйелдердің үлес салмағы 30 пайызға жетсе, ал жалпы министрлік бойынша қызметкерлердің 10,4 пайызын әйелдер құрайды екен. Қазір адамды жынысына қарап емес, қабілетіне қарай бағалайтын заман. Сондықтан, қазақ әйелдеріне деген құрмет тек отбасы, ошаққасы төңірегінде ұйысқан десек қателік болар еді. Қазірдің өзінде әйелдер саясатқа, билікке ұмтылып жатыр. Бірақ, олардың талпыныстарын жоғарыдағылар оң бағалап отырған жоқ. Парламент депутаттарының 27,1 пайызы ғана нәзік жандылар, мәслихаттарда саны одан да аз. Қайта, денсаулық сақтау және білім беру саласында, шағын және орта бизнесте әйелдер жүр. Гендерлік тең құқық болуы үшін билік басында қоғамға үнқататын, өжет, қайсар ханымдардың болғаны маңызды. Әйелдер ақыл-парасаты жағынан да, білімі, кәсіби шеберлігі мен қабілеті жағынан да ер адамдардан еш қалыспайды. Бұл - дәлелдеуді қажететпейтін аксиома. Қыз-келіншектердің еңбектегі және интеллектуалдық потенциалын билікте де пайдалану керек.

Ал, гендерлік саясат - қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік жылдарында ондаған әйелдер министр және мемлекеттік органдардың басшылары болып тағайындалды. Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депутаттары болып сайланды. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерліктеңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Сонымен қатар, мемлекет басшысы әйелдердің мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейіндегі үлесінің өте аз екендігін тілге тие етті. Ұлттық комиссиямен және «НұрОтан» партиясымен бірлесе отырып, әйелдерді шешімдер қабылдау деңгейіне дейін жылжыту жөнінен 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған нақты жоспарлар жасауды тапсырды.

Шешілмей жатқан тағы бір мәселе - шетелде білім алып келген, жұмыс істеп ширыққан қыздар бізге оралғанда келешегі жоғын көреді. Білім - білігі керемет бола тұрып, министрлікке, депутат пен өңірлік басшылыққа қол жеткізуге қол байлау көп (оның нәзік жанды болуы, бұрынғылардың өз орнын қимауы, мемлекеттік қолдау төмендігі т.б.) болғандықтан, кері қайтуға тура келеді.

Гендерлік саясатты тек статус, атақ пен мансап тұрғысынан емес, өзара келісім, бөлісу мен теңдік тұрғысынан алып қарасақ, гендерлік саясат жоғарыдағы көрсетілген мәселелерге өз септігін тигізері сөзсіз

Мемлекеттік және құқыққорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отбасы-неке заңнамасындағы өзгерістерді, бизнес ашу сұрақтарын, азаматтармен тегін заң көмегін алу құқықтарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі.

Гендерлік стратегияны іске асырудың аяқталуына байланысты мемлекеттік гендерлік саясаттың жаңа кезеңін орнықты дамудың халықаралық трендтерімен, ұлттық стратегиялық басымдықтармен және әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарымен байланыстырудың қолайлы мүмкіндіктері туып отыр.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Гендерлік саясатты іске асыруда жаңа серпініс, ол гендерлік теңдік институтын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде де мемлекеттік реттеу және гендерлік әсерді бағалауды енгізу жолымен нығайту.

 Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік тәсілдер (оның ішінде гендерлік статистика) интеграцияланады, әзірленген гендерлік тәсілдер ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу барысында ескеріледі.

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі уәкілетті органы жынысы бойынша бөле отырып, гендерлік көрсеткіштерді қамтамасыз ету салаларын қамтуды кеңейтеді.

Мемлекеттік органдардың бюджеттерін қалыптастыру кезінде гендерлік бюджеттеуді енгізу мәселесі қаралады.

Тұжырымдаманың бірінші кезеңі кезінде төменде көрсетілген міндеттерді, басымдықтарды іске асыру көзделеді.

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: