Денис Тен Францияда өткен Гран-приде сегізінші орынды иеленді

20 ноября 2017, 12:04

Екі бағдарлама нәтижесінде жалпы саны 228,57 ұпай жиған.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Францияның Гренобл қаласында өткен Гран-приде ақтық кезең алдындағы сайыста 8-орынға иеленді, – деп хабарлайды Stan.kz.

Алматылық мәнерлеп сырғанаушы жарақаттан енді айығып келе жатқанына қарамастан, сайысқа қатысқан-ды. Бірақ ол бағдарлама барысында бірнеше қателік жіберіп, мінсіз өнер көрсете алмады. Десе де Денис қолын кесіп алса да, бағдарламаны финалға дейін жеткізді. Екі бағдарлама нәтижесінде жалпы саны 228,57 ұпай жиған.

Естеріңізге сала кетсек, Денис қысқа бағдарламадан кейін жетінші орынға жайғасқан еді.

Гран-приде испаниялық Хавьер Фернандес 283,71 ұпаймен жеңіске жетті. Ал екінші орында жапониялық Сема Уно (273,32), үшінші орынды өзбекстандық Миша Ге (258.34) иеленді.


Фото: stan.kz

Акции
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код