Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Таразда мектеп жанынан төртінші сынып оқушысының мәйіті табылды

21 ноября 2017, 10:25

Тәртіп сақшылары 10 жастағы бала желімнің иісінен бақилық болған дейді.

Таразда із-түзсіз жоғалып кеткен №6 мектептің 4-ші сынып оқушысының мәйіті табылды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл жағдай тараздықтардың төбе шашын тік тұрғызды. Өткен сенбі күні кешке үйінен шығып кеткен 10 жастағы бала сол күйі қайта оралмаған. Туыстары мен мектеп ұжымы оны жатпай-тұрмай іздегенімен нәтиже болмаған.

Оқушының өлі денесін мына балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан тәртіп сақшылары бір күннен кейін тауып алған. Сол күні Таразда қар жауған болатын. Сондықтан баланың мәйіті талдың жапырақтары мен қарға көміліп қалыпты. Ал, қаза тапқан 4-ші сынып оқушысы мұнда өз аяғымен келді ме немесе күдікке ілініп отырған 7-ші сынып оқушысы күштеп әкелді ме ол жағы әзірге белгісіз.

Никитаның ата-анасы камераға бет-жүздерін көрсеткісі келмей, тек ақпарат берумен шектеліпті. Сөздеріне сүйенсек, өлген баланың денесінде соққының іздері бар. Әрі зорланған болуы мүмкін. Ол бір үйдің кенжесі. Ал мектеп директоры "Никита қақ-соғы жоқ, тәртібі түзу оқушы" дейді.

Осы қылмысқа 7-ші сынып оқушысының күдікті деп танылуы бекер емес. Өйткені сол қайғылы оқиға болған күні оның Никитамен бірге жүргенін көргендер бар. Сол 14 жастағы жеткіншектің жүйке жүйесінде ауытқу бар болып шықты. Сондықтан ол арнайы коррекциялық сыныпта оқыған. Қазір күдікті оқудан босатылып, үйінде жатыр. Ал тәртіп сақшылары 10 жастағы бала желімнің иісінен бақилық болған дейді.

"Тергеу жұмыстары нәтижесінде жәбірленушінің сол күні 14 жастағы жасөспіріммен бірге желім иіскегендігі анықталды. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Қазір күдікті ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", — деп хабарлады Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы.

Егер бұл жасөспірімнің қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Ал қайғылы оқиғадан кейін қала мектептерінде тәртіп күшейтілді. Бұдан былай ата-аналар ұл-қыздарын өздері әкеліп, өздері әкетулері тиіс.



Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...