Лента новостей
0

Медияцияның бүгінгі заманға қажеттілігі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.11.2017 10:34 Фото: zakon.kz

Медияцияның бүгінгі заманға қажеттілігі

 

Медиация (латынның medius деuty сөзі - екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді). Бұл, дау - жанжалға қатысушылардың, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процессі. Айтылған процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері бар, себебі бұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар тәжірибелі медиатордың кәсіпкерлік көмегі, жақтардың бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кең танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерінің «кемелденген түрімен» салыстыруға болады. Медиация көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.

Бүгінгі таңда, бүкіләлемдік тәжірибеде медиацияның ірі бизнесстерден бастап, жанұялық дау - жанжалдарда, айрылысу мен ортақ мүліктерін бөлу мақсатында қаралатын азаматтық істерде қолдануылуы орын алып жатыр. Медиация практикасы бүкіл өркениетті әлемде кең таралған.Халықаралық санаққа жүгінетін болсақ, бүкіл келіспеушіліктердің 30 - 40 пайызымадиация арқылы аяқталып жатыр. Оның бір себебі, тараптаркелешек өмірлерінде бір-біріне кек сақтамауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалынтигізеді.

Осы медиация институты ретінде бітістірушілік тәжірибесі қазақ елінің тарихында болғанын атап өту қажет. Сондықтан, медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Бұл нағыз далалық демократияның жарқын көрінісі. Азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер, данагөй ақсақалдар әділ шешіп отырған. Бұл қазақ халқының ежелгі өмір сүру салтынан келе жатқан құндылықтар.

Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына қол қойды.

Осы жаңа енгізілген норманың құндылықтарын айтар болсық, медиация бір шешімге келгенде тараптар қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық, серіктестік, қарым - қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндік береді. Медияцияны сот немесе тәжірибелі медиаторлар жүзеге асырады. Медиатордың негізгі қызметі, жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш - жігерін салу болып табылады. Тараптардың бірлескен қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы мүмкін, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сытрқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімдер тараптардың жеке арақатынастық мәселелеріне қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады.

Кейбір сарапшылар медиацияның Қазақстан Республикасында даму мүмкіндігінің аздығын мәлімдейді. Бұндай мүмкіндіктің аз болуы, жақтардың тым ашушаң әрі сенімсіз болу себебінде деген ой - пікірлер аз да емес. Сенімсіздік көзқарастағы сарапшылардың пікірлерін өзгертуге Қытай елінің медиацияны дамытудағы үлгісі біршама негіз болар. Қытай елінің өкіметі он жыл ішінде медиацияға деген қызығушылықтың туындауына қол жеткізді. Қазіргі таңда сол елде медиация арқылы келіспеушіліктердің 40 пайызы қарастырылудың нәтижесінде, елді жаулап алған корпоративтік жанжалдардың мәселесі шешілді. Мендиациямен ондаған мемлекеттік жүйелер мен жеке мекемелер көптен бері айналысады. Ең танымал болған медиация орталықтары Ұлыбританияда, Францияда және де Италияда орналасқан. АҚШ - та соттардың қарамағында медиация арқылы келіспеушіліктерді қарастыруға арналған орталықтар мен кеңестері құрылған, ал медиаторлар ретінде экономиканың, құқықтың және де өндірістің әртүрлі салаларында құзырлы әрі беделді адамдары таңдалған. Әңгіменің түйініне келер болсақ, біздің елде медиация сияқты,келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік инструментінің дамуы, өркениетті құқықтық кеңістіктің әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады. Баспасөз беттеріне Медияциянықолдануының нәтижелілігі туралы және ол жөнінде жазылымдарды зерделепжиі жариялану қажет. Аталған жаңа норма қолдану адамдардың арасына берекелі, тыныш өмір сүрулерінің бірден бір кепілі болып табылады, және де тараптардың келешек өмірлеріне рухани серпіліс беруіне кәміл сенуге болады.

 

 

Астана қаласы Алматы Аудандық сотының судьясы

С.З.Мукашов

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: