Қанат Ислам келесі кездесуін британдық Килрейн Келлиге қарсы өткізуі мүмкін

21 ноября 2017, 15:57

Қанат Ислам қазір WBA рейтингінде бірінші орында.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Килрейн Келли (23-1, 9 КО) осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) командасымен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

«Менің командам қазір Деннис Хоган, Лиам Смит және Қанат Ислам секілді боксшымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қазір олар мен үшін қолайлы мүмкіндікті қарастыруда. Мен кез келген боксшымен кездесуге дайынмын. Менің басты мақсатым – алдағы уақытта бос қалатын WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізу. Жоғарыдағы үш боксшымен кездесу мен үшін маңызды болмақ. Ең бірінші Қанат Исламмен кездескім келеді. Ол – өте мықты боксшы. Соққылары жойқын, тәжірибесі мол. Қазақстанның маңдайалды боксшыларының бірі. Менің ойымша, мен Исламды жеңе аламын. Егер келісімге келіп жатсақ, мен жекпе-жекке дайынмын. Барлығын менің менеджерлерім шешеді. Қажет болса, мен Қазақстанға да баруға дайынмын», – дейді Килрейн.

Қазіргі уақытта 25 жастағы британдық боксшы WBO рейтингінде алтыншы орынға жайғасқан. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 24 кездесу өткізіп, 23 рет жеңіске жеткен. 9 рет қарсыластарын нокаутқа түсірген. Спорттық мансабындағы жалғыз жеңілісті Килрейн 2015 жылы бірінші орта салмақтағы WBO белбеуі үшін Лиам Смитке (26-1-1, 14 КО) қарсы өткен кездесуде тапты.

Ал Қанат Ислам қазір WBA рейтингінде бірінші орында. Сонымен қатар WBO және IBF рейтингтерінде үздік үштіктің қатарында. Отандасымыз – бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. Соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Куктан (18-1, 11 КО) үстем түсті.

Фото: khabar.kz

Акции
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код