Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Қызылордада Иран Ғайыптың шығармашылық кеші өтті

22 ноября 2017, 09:19

Иранбек Әбітайұлының шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қорына енген.

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және "Парасат" орденінің иегері, "Платиналы Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты Иран Ғайыптың 70 жас мерейтойына орай "Бұ дүние ғайыбы" атты шығармашылық кеші өтті, хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иранбек Әбітайұлының шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қорына енген. Ол 30-ға жуық драмалық поэманың авторы. Оның көбі Қазақстан ғана емес шет елдерге де танымал. Мәселен, "Шыңғысхан", "Абылай хан", "Қорқыттың көрі" т.б. туындылары бірнеше шет тілдеріне аударылған.



«Қорқыттың көрі" өлеңдер жинағы үшін Иранбек Әбітайұлы 2002 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстан туралы жазба мүшәйрасында гран-при жүлдесіне ие болды. «ЭКСПО-2017" көрмесі аясында Астанада өткен Қызылорда облысының мәдениеті күндері шеңберінде Иран Ғайыптың мерейтойы аталып өтілді. Астаналықтарға "Қорқыт" спектаклін қойдық және Қызылорда облысының құрмет грамотасын тапсырдық», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.



Кеш барысында ақынның оқырмандары, достары мен туғандары мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Анықтама үшін: Оразбаев Иранбек Әбітайұлы (шығармашылық псевдонимі – Иран Ғайып) Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін аяқтап, 1980 жылы М.Горький атындағы Мәдениет институтының жоғары курсын бітірді. «Жүрек жырлайды» (1974 ж.), «Жеті қазына» (1977 ж.), «Түннің көзі» (1979 ж.), «Сұлулықпен сырласу» (1980 ж.), «Өмір-Өлең» (1982 ж.), «Сұлулық сарасы» (1985 ж.), «Дүниежарық» (1987 ж.), «Батқан Кеменің Бейбақтары» (1990 ж.), «Мұнар, Мұнар, Мұнарым...» (1992 ж.), «Иран бағы» (1995 ж.), «Сөз патшалығы» (1996 ж.), «Жыр әлемі» (1996 ж.), «Қорқыттың көрі» (2001 ж.). кітаптарының авторы.



Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...