Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Шымкент тұрғындарын алдаған алаяқ Астанада ұсталды

24 ноября 2017, 12:42

Күдікті қамауда жатыр.

Шымкенттік полицейлер жұмысқа тұрғызамын деп алаяқтық жасаған күдіктіні Астана қаласынан ұстады. Әл Фараби полиция бөліміне Қазығұрт шағынауданының тұрғындары арызданған. Онда таныс адамы Астана қаласына құрылысқа жұмысқа орналастырып беремін деп ақшаларын алып, қашып кеткенін айтқан. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Әл Фараби полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті Астана қаласынан ұсталды. Ол Түркістан қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ұсталған жігіт жәбірленушілерді жұмысқа кіргіземін деп, әрқайсысынан 70 мың теңге алып, есепшотына аударуын сұраған. Тергеу барысында оның осындай 6 фактіге қатысы бары анықталды. Осылайша алаяқтық жолмен 500 мың теңге тапқан.

Шымкент тұрғындарын алдаған алаяқ Астанада ұсталды

Аталған жайт негізінде қылмысты кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс тіркелді. Күдікті қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған орай полицейлер қала тұрғындарына жұмысқа орналастырамын немесе несие алып беремін деген басқа да алаяқтардың құрбаны болып қалмас үшін абай болуын ескертеді. Бейтаныс адамға сенім білдіре бермеңіз!

Ал егер осындай қылмыстың куәгері немесе құрбаны болсаныз, дер кезінде 102 нөміріне хабарласыңыз.

Фото: otyrar.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...