Лента новостей
0

Медиация- дауларды шешудің тиімді жолы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.12.2017 10:29 Фото: zakon.kz

Медиация- дауларды шешудің тиімді жолы

 

 Соңғы кезде дауларды балама тәсілдермен шешудің тиімділігін арттыру мақсатында «Медиация туралы» заң қабылданған соң, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі негізінде азаматтар арасындағы даулар сотқа дейін медиация жолымен шешіле бастағанын байқаймыз.

 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған жоғарыда аталған заңда төмендегідей қағидаттар негізінде жүргізілетіні көрсетілген. Атап айтсақ - еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтарапталығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік және құпиялық.

 АҚШ, Ұлы Британиядан бастау алып, Еуропа елдеріне тараған бұл татуласу рәсімі өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қолдана бастады. Отбасылық қатынастар аясында туындаған дауларды бітімгершілікке әкелген бұл тәсіл, кейінірек қаржы, еңбек дауларын шешуде өз қолданысын тапты. Нәтижесінде қазір дамыған, өркениетті елдерде азаматтық істердің 30% -дан астамы медиаторлармен қаралатындығы бұл тәсілдің көкейтестілігін аңғартады.

 ҚР «Медиация туралы» заңының қабылдануы 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясының және Республика Президентінің «ҚР құқық қорғау іс-әрекеттін және сот жүйесінің тиімділігін көтеру шаралары» туралы заң күші бар Жарлығының іске асуын көрсетеді. Өйткені, медиация қоғамда мемлеттік маңызы бар мәселеге айналып отырған тараптар арасында пайда болған келіспеушіліктердің оң шешілуіне жол ашады. Олардың мәмілеге келу процессін, оңтайлану жолдарын қарастырып зерделейді. Нәтижесінде екі жақтың ортақ шешімге қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Қазіргі уақытта соттарда қаралатын істердің ауқымдылығын ескеретін болсақ, медиация жолымен ортақ шешімге келу сот жүйесіндегі тиімділікті арттырары сөзсіз.

 Жұртшылық дауды сотқа жеткізбей шешудегі бірден- бір мүмкіншілік — медиация тәсілі екенін сезінуде. Оған дәлел ретінде Алматы аудандық сотында медиацияға жүгінетін тараптардың саны күннен күнге артуда. Бұл - заң қабылданғанының 5 жылдығына орай Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясымен, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен «Медиация дамыту орталағы» арасындағы мемарандумдарға қол қойылуы, «Медиация күні» атты республикалық акциясын өткізіп, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырып, оларға заңның тиімділігін түсіндіру іс-шараларының нәтижесі.

 Сондай-ақ, 2016 жылғы 1-ші қаңтардан күшіне енген жаңа Азаматтық процестік кодекс те өз септігін тигізуде. Мәселен, жаңа кодекске сай судьяларға медиатор құзіреті берілді. Енді азаматтар арыздарын сотқа беріп қойған жағдайдың өзінде дауды балама түрде шешуге мүмкіндіктерінен айырылмайды. Бұл жағдайда төленген мемлекеттік баж толығымен қайтарылады, сот отырысының машахаттарынан босатылады [сот отырысын күту, сот шешімін күту, заңды күшіне енгенін күту...]. Ең бастысы - материалдық құндылықтарды алға тартпай, отбасы, туысқандар арасындағы дауды өршітпей, кісілік келбетті сақтап бітімгершілікке қол жеткізу - алдынғы қатарға шығады.

Қорытындылай келе, бұл заң халқымыздың басты құндылықтары- татулық, бірлік, ымырашылдық қасиеттерді сақтап, Елбасы көрсеткендей, еліміздің әлемдегі 30 дамыған елдердің қатарына кіруде өз септігін тигізері анық.

 

 Астана қаласы

 Алматы аудандық Байменов Д.К.

 сотының судьясы

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: