Лента новостей
0

Сот кабинеті

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.12.2017 16:39 Фото: zakon.kz

Сот кабинеті

 

Елімізде сот төрелігін жүзеге асыруды жеделдететін, сот қызметін ашық және қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолданылып келе жатыр, солардың бірі «Сот кабинеті» - электрондық ақпараттық сервисі деп айтсақ та болады, 2014 жылдың маусым айынан бастап енгізілген жаңашылдық.

«Сот кабинеті» бұл халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуіне жасалғандықтан, сот органдарының онлайн сервисіне кіруіне арналған бірыңғай терезе болып саналады. Заманауи технологияларды қолданудың арқасында істерді қарау ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастады, яғни азамат, оның өкілі немесе заңгер өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы талап арыздарын, оған қоса тіркелетін құжаттарын, басқа да сот істері бойынша өтініштерін жолдап, баж алымдарын төлей алады, сонымен қатар, істегі мәртебесін қарап, сот актісін шығара алады.

Аталмыш қызметтің басты басымдығы - сот жүйесінің беделін арттыру, халықтың соттарға деген сенімін нығайту міндетті түрде кіреді. Бұл, ең алдымен, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтерумен тығыз байланысты деуге болады.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті» ММ-нің «Электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі арқылы «Төрелік» сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылын іске асырды, яғни судьялар «Электрондық үкімет» төлем шлюзімен интеграция жасау арқылы талап арыздар бойынша төленетін мемлекеттік баж төлемдерін тексеріп, Қазынашылық комитетінің растау қағазымен байланыстыра отырып, түбіртек түпнұсқасын сұратпай-ақ, талап арыздарды қабылдай алады.

«Сот кабинетін» электронды цифрлық қолтаңбасын бар республиканың кез келген азаматы тұтына алады.

Халық арасында «Сот кабинетін» қолданушылардың саны күннен күнге көбеюде, бұл сөзімізге дәлел бүгінгі таңға дейін «Сот кабинеті» арқылы 1,5 млн-нан астам арыздардың түсуі.

 Сонымен қатар «Атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесін» (АІЖО ААЖ) атап айтуға болады. Соттардан атқарушылық құжаттарды электронды түрде алу және соттардың сот орындаушыларының қаулыларын электрондық санкциялау функционалдары республика бойынша 2016 жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енгізілген. Соттар атқарушылық құжаттарды электронды түрде «Төрелік» ақпараттық жүйесімен «Атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» арқылы әділет департаментіне немесе жеке сот орындаушылар аумақтық палаталарына орындауға жолдайды, онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжаттарды тиісті аумақтық бөлімдерге өндіріп алу санаты бойынша бөлуді жүзеге асырады.

Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызды.

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы Алматы аудандық

сотының бас маманы, с/о хатшысы Бегимкулов М.

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: