Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақсу ауылдық аймағында аязда үсіп қалған ер адам табылды

Аязда қалып қойған ер адамға «екі табанының үсуі» диагнозы қойылған.

Фото : www.pavlodarnews.kz3 января 2018, 11:47

Ақсу қаласына қарсты Үштерек ауылдық аймағында аязда үсіп қалған ер адам табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Гаухар Сыздықова айтты.

- 1-қаңтар күні 52 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ол ауылдан екі шақырым қашықтықта жоғалып кеткен. Іздестіру шаралары сағат 17.41-де басталып, сағат 18.20-да аяқталды. Нәтижесінде ауыл тұрғыны Ақсу қалалық ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілді, - деді Гаухар Сыздықова.

Аязда қалып қойған ер адамға «екі табанының үсуі» диагнозы қойылған. Іздестіру шараларына Ақсу қаласы № 11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан үш адам және бір техника жұмылдырылды.

Ақбота Сейсенбаева


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии