Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Биылдан бастап еліміздегі көпқабатты үйлер тұрғындардың өз жинақ есебінен жөнделеді

3 января 2018, 17:40

Төлем жағынан көпбалалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған.

Бұл бастама «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша іске аспақ. Қанатқақты жоба аясында тозығы жеткен үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Салынғанына 25 жыл болған үйдің қазіргі кейпі қандай? Бұл үйді жұрт жертөлесі қалдық судан арылмағандықтан «Титаник» деп атанып кеткен, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ал қазіргі көрінісі мүлде өзгеше. 5 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында үйді қайта жаңғыртуға 73 миллион теңге несие бөлінген. Бұл шығынды тұрғындар 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс.

Төлем жағынан көпбалалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған.

Ольга Кек, қала тұрғыны: – Үйіміз күрделі жөндеуден соң айтарлықтай өзгерді. Мәселен, жөндеу кезінде қымбат роботтандырылған жылу торабы орнатылды. Содан кейінгі жылуға да басқа тұрғын үйлерге қарағанда айтарлықтай аз төлейтін болдық. Дәлізден бастап түгелі түбегейлі жаңартылды.

Қысқа уақыт ішінде ғимараттың қасбеті мен келбеті, шатыры мен жертөлесіне дейін жаңартылды. Үйдің жылу жүйесі де толықтай ауыстырылған.

Азамат Қалдарбеков, басқарушы компанияның бас директоры: – Мына жөндеу жұмыстарының төлемақысын уақытылы төлеу үшін жағдайы төмен отбасылар ТКШ қазорталығы есебінен 23 млн-ға мемлекеттік жәрдемақы төленген болатын. Сондықтан төленетін құны айына 800-1000 теңгеден аспайды.

Осылайша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы көпқабатты ескі үйлерді қалпына келтіруді қолға алмақ. Олар тек ипотекалық компаниялар қарауындағы үйлерге жөндеу жүргізеді. «Себебі қаржы тұрғындардың жинақтау есебінен ұсталады», – дейді мамандар.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ермек Кеншімбек


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...