Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Электровоздың үстіне шығып, тегін жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды

12 января 2018, 10:43

Денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.

Көкшетаудың теміржол вокзалында оқыс оқиға болды. Қалтасында көк тиыны жоқ 25 жастағы жігіт электровоздың үстіне шығып кетіп, токқа түсті, деп хабарлайды КТК.

Электровоздардың аса жоғары кернеулі токпен жүретінін білмеді ме, әйтеуір ол Көкшетаудан Астанаға тегін жетіп алғысы келіпті. Ол тіпті қысқы суық ауа райы жайлы да ойланбаса керек. Сөйтіп, теміржол қызметкерлері көзін ала бере электровоздың үстіне шығып мініп алған. Сол сәтте 29 мың вольт тоқ соғыпты. Екі аяғы жанып, поезд үстінде шырқырап жан дауысы шыққан жігітті көрген өзге жолаушылардың зәресі ұшқан. Оны әрең дегенде электровоздан түсіріп алған теміржол қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Қазір денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.

"Қазір жағдайы өте ауыр. 2 аяғы жанған, күйіктері көп. 3-ші 4-ші дәрежеде. Жағдайы түскен кезге қарағанда кішкене жақсарды", — дейді травматолог-дәрігері Елдос Қайыржанов.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...