Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

"Эйр Астана" ұшағына қатысты оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды

12 января 2018, 17:32

Ұшу-қону жолағында болған жайтқа кім кінәлі екенін сотқа дейінгі тергеу амалдары анықтайды.

Көліктегі полиция Алматы әуежайындағы "Эйр Астана" ұшағына қатысты оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ ресми өкілі Альберт Жазыбаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

2017 жылдың 10 қаңтарында Алматы-Бангкок бағдарлы "Эйр Астана" ұшағы сапарға аттанар кезде ұшу-қону жолағы аймағынан тысқары шығып кеткен. Жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, Бангкокке басқа ұшақпен аттандырылды. Төтенше оқиғаның мән-жайын Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен арнайы комиссия анықтайтын болды.

Бұл комиссия ұшақ экипажының ағаттық жібергенін мәлімдеді. "Эйр Астана" компаниясы комиссияның қорытындысымен келіспей, БҰҰ Конвенциясы талаптарына сай келмейді деп ұйғарды.

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ қызметкерлерінің әрекетінде ешқандай кемшілік анықталған жоқ, — дейді Жазыбаев. – Алматы әуежайындағы полиция бөлімшесінің мәліметінше көліктегі ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады, соның аясында мен, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ өкілі, куәгер ретінде сұрақтарға жауап бердім".

Жазыбаевтың мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары нәтижесінде нақты кімнің кінәлі екені анықталмақ.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...