Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Өткен тәулікте «112» номеріне 4 мыңнан аса қоңырау түскен

12 января 2018, 17:54

Қазіргі кезде Көкшетау, Қарағанды, Қостанай бағытындағы тасжолдар ашық.

Өткен тәулікте «112» номеріне 4 мыңнан аса қоңырау түскен, басым көпшілігі ақпарат алу және көмек көрсету бағытында. Бұл туралы zakon.kz, astana.gov.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына департаменттің 221 қызметкері және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1888 жұмысшысы және 1345 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ТЖД қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтімділігі жоғары көлік құралдарымен (KУНГ) патрульдеу жүргізілді, патрульдеу кезінде тасжолдан 149 адам, оның ішінде 17 бала құтқарылды және 66 көлік қардан шығарылды.

11 қаңтар күні қаланың коммуналдық қызметі қаламыздағы қарды тазалап, тұз аралас құм септі, бір тәулікте 34 227 куб метр қар тазаланып, 565 куб метр құм себілді.

Қаламыздың ауруханаларына түрлі жарақатпен 79 адам жүгінген.

3-МӨСБ базасында орналасқан дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды, штаб бастығы - Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары М. Аманбаев. Қаламыздың 8 нысанында жылыну бекеті ашылды.

12 қаңтар күні Астана қаласында қар жауып, боран соғады. 9-14 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын солтүстік-батысқа өзгертеді, түнде және таңға қарай жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қазіргі кезде Көкшетау, Қарағанды, Қостанай бағытындағы тасжолдар ашық.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...