Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық артып келеді

Арнайы сапар аясында ұйымдастырылған басқосуда қос жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық жайы кеңінен сөз болды.

Фото : 24 января 2018, 14:50

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Түркияның Нийде Омер Халисдемир Университетінің ректоры Мухсин Кармен бастаған делегация келді. Бұл туралы zakon.kz, Қыздар Университетінің Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы сапар аясында ұйымдастырылған басқосуда қос жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық жайы кеңінен сөз болды.

Жиынды ашқан Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова білім ордаларының ортақ ұқсастығы мен әлеуеті турасында сөз қозғап, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында мұғалімдер мен студенттер алмасу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде тараптар ғылыми-мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселелерін талқылады.

Басқосудың екінші бөлімінде университет ректорлары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет, ғылыми-зерттеу саласы аясындағы ынтымақтастықты дамытуды қарастырады.

– Алдына қазіргі заман талабына толық жауап бере алатын педагог кадрларды даярлауды мақсат етіп қойған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өзінің бұл орайдағы қызметін, негізінен, Президенттің 2016 жылы 1 наурызда қабылданған «2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім және ғылымды дамыту жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізеді. Уни¬верситет 6 факультеттің 28 кафедрасында бакалавр бойынша – 42, магистратура бойынша – 23 және PhD докторантура бойынша 4 мамандық негізінде мұғалімдер дайындайды. Бұған қоса, сырттай оқу бөлімінің студенттері 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып, білім алып жүр. Оларға 54 ғылым докторы, 200-ге жуық ғылым кандидаты дәріс береді. Қазіргі таңда Қыздар Университеті әлем елдерінің 20-дан астам жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Үндістан, Франция, Қытай, Германия сынды мемлекеттердің беделді университеттері бар, – деді өз сөзінде Гаухар Алдамбергенова.

Ал, Мухсин Кармен өзі басқаратын жоғары оқу орны туралы әңгімелеп, әріптестік орнатуға ниетті екендігін жеткізді.

– Нийде Омер Халисдемир Университеті Түркияның іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Білім ордасының атауы 2016 жылғы шілде айында Түркияда орын алған әскери төңкеріс кезінде қастандықпен өлтірілген сержанттың есімінің құрметіне берілген. Университет қалашығы Нийде қаласынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Ашылғанына 26 жыл болған оқу орны осы жылдар аралығында республикамыздың білім беру жүйесі үшін жоғары білікті педагог кадрлар, экономистер, архитекторлар, ауыл шаруашылығы саласының мамандарын, инженерлер мен ғылыми қызметкерлер даярлап келеді. Университет түлектерінің қатарында еліміздің барлық саласында еселі еңбек етіп келе жатқан көптеген азаматтар бар. Бүгінде оқу орнындағы 6 факультет, 2 институт, 2 колледж және 6 кәсіби колледж 30-дан астам мамандық бойынша білім береді. Қазіргі күнде университетте 25 мыңнан астам студент оқуда, оларға 1000-нан астам профессор-оқытушылар дәріс береді. Қалашық орналасқан аумақтағы оқу корпустары, жатақхана мен Мәдениет орталығы, спорт алаңдары, бассейн, спорттық-сауықтыру кешені, Ақпараттық-технологиялар орталығы, оқу зертханалары, мамандандырылған пән кабинеттері, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген компьютер кластары, кітапхана студенттердің сапалы білім алуына қызмет көрсетеді, – деп атап өтті Мухсин Кармен.

Жиын барысында Қыздар Университетінің факультет декандары да өзара ынтамақтастықты арттыру турасында сөз қозғап, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

Сапар аясында түркиялық жоғары оқу орнының өкілдері университет музейінде және Латын әліпбиін үйрету орталығында болды. Жуырда ашылған орталықта оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі бойынша оқып, жазуды меңгереді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии