Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Назарбаев Дүйсеноваға: Тамара, не болды? Әлде шаршадың ба?

Мен соңғы бес жылдың ішінде бұл туралы бірнеше рет айтып келем. Алайда, ол нұсқаулықтарды ешкім егжей-тегжейлі орындамайды - Н. Назарбаев.

Фото : i.onthe.io9 февраля 2018, 15:37

Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми түрде рәсімдеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Министр Дүйсеноваға (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі) бірнеше рет айттым. Тамара, не болды, айтшы? Әлде сен бұл жұмыстан шаршадың ба?" - деп сұрады Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізуді кейінге қалдыруға тура келгенін айтты.

«Басты себеп - өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тарту мәселесі. Олар салық төлемейді, бір сөзбен айтқанда көлеңкеде жүр. Мен соңғы бес жылдың ішінде бұл туралы бірнеше рет айтып келем. Нақты нұсқаулықтар да бердім. Алайда, ол нұсқаулықтарды ешкім егжей-тегжейлі орындамайды», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жөніндегі барлық ақпараттық жүйені тіркеуді есепке ала отырып, «біз заңнамалық қызметке қостық» деп түсіндірді.

«Сіз жолдауда айтып өттіңіз, біз оны биылғы жылдың көктемінде жүзеге асыруымыз керек. Жаппай жұмыспен қамту бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын ескере отырып, біз сізден міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруды бір жылға жылжытуға рұқсат етуіңізді сұраймыз. 2020 жылдың орнына 2019 жылы бастағымыз келеді», - деді ол.

"Қашан?" - деп сұрады Елбасы.

"2019 жылы. Ал заң бойынша сіздің келісіміңізбен 2020 жылдың 1 қаңтарына жылжытқан болатынбыз", - деп нақтылай түсті Е. Досаев.

Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии