Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

БҚО-да туберкулезге қарсы диспансердің ескі ғимаратында 11 отбасы тұрып жатыр

Тұрғындардың көпшілігі жалғызбасты аналар.

Фото : Stan.kz13 февраля 2018, 15:56

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылында туберкулезге қарсы диспансердің бұрынғы ғимаратында 11 отбасы тұрады. Тұрғындардың көпшілігі жалғызбасты аналар, деп хабарлайды Stan.kz Оuralskweek.kz-ке сілтеме жасап.

Елена Мамбетова бес ұлымен бірге осы ескі ғимаратта жеті жыл бойы тұрып келеді. Бұрынғы ғимаратта жөндеу жұмыстарының болмағаны көрініп тұр. Оған қоса бұл жерде ауыз суы мен канализация құбыры жоқ. Жергілікті биліктегілер былтырғы жылы жатақхана жанынан дәретхана орнатып берді.

Үйде тұратын адамдардың көпшілігі тұрақты жұмыс істемейді және күнделікті тапқан табыстармен жан бағып жүр. Тұрғындардың арасында жалғызбасты аналар да бар.

24 шаршы-метрлік бөлмеде Еленамен бірге бес ұлы, келіні және кішкентай немересі тұрады. Сонымен қатар, ғимараттың тұрғындарының арасында екі адам туберкулезбен ауырады.

Елена Мамбетова отбасына шәй беру үшін ғимараттың басқа бөлігіне баруы керек. Оның өзіне аулаға шығып, тағы 30 метрдей жер жүру керек. Асханаға да жөндеу жұмыстары қажет.

Алайда, 11 отбасының осы ас бөлмеден басқа тамақ жасайтын жерлері жоқ.

Жергілікті билік өкілдері 2018 жылы бұл ескі ғимараттың төбесін жасап беретінін айтты. Көшіру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оларда ақша жоқ.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии