Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қостанайда жасөспірім бала жоғалып кетті

Жоғалған баланың туыстары мейірімді жандарды іздеу жұмыстарына көмектесуге шақырып отыр.

Фото : Sputniknews.kz14 февраля 2018, 09:01

Қостанай полициясы үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған жасөспірімді іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, 12 ақпан күні түнде полицияға 15 жастағы жасөспірімнің анасы хабарласып, ұлы үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.

"Сохань Михаил Владимирович, 28.08.2002 жылы туған, бойы — 170 сантиметр, орта денелі. Көк бәтеңке, қара джинсы, қара спорттық күрте киіп кеткен. Мойнында көк түсті шарф, қолында жасыл жолдорба болған", — деп хабарлады полициядағылар.

Полиция жоғалған баланы көрген-білгендер болса, мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 52-61-11, 52-62-18, 8 702-492-99-92 немесе 102.

Сонымен қатар, туған әпкесі Екатерина Шарифуллина мейірімді жандарды іздеу жұмыстарына атсалысуға шақырды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии