Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Түркия университеті қазақстандықтар үшін оқу грантын бөлді

Оқу 2018 жылғы наурыз айының басында басталады.

Фото : ҚазАқпарат14 февраля 2018, 09:16

Ыстамбұлдағы Шехир университеті қазақстандық үміткерлер үшін оқу гранттарын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның сайтына сілтеме жасап.

Ыстамбұл Шехир университеті қазақстандық студенттерге келесі мамандықтар бойынша оқу гранттарын ұсынды: Іскерлік әкімшілік магистрі (1 жыл), Қаржы саласындағы MBA (1 жыл), Банк салсындағы МВА (1 жыл), Өнеркәсіптік және жүйелі инженерия салсындағы магистр (2 жыл), Электротехника және компьютерлік техника салсындағы ғылымдар магистрі (2 жыл), Деректер туралы ғылым магистрі (2 жыл).

Толық тегін оқуға 4 грант, 70% жеңілдікпен оқуға - 10 орын, 50% жеңілдікпен оқуға (тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қоспағанда, оқу ақысы - 4000 доллар) - 40 орын қарастырылған.

Айта кетерлігі, 2008 жылы негізі қаланған Ыстамбұл Шехир университеті Түркиядағы беделді университеттерінің бірі. Қазіргі уақытта ЖОО-да 5 мың студент білім алуда, оның 18 пайызы шетелдік студенттер.

Оқу 2018 жылғы наурыз айының басында басталады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии