Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Атырау облысында «қонақүйге» айналған автобустар тексерілді

Өткен 20 тәулікте тек Атырау облысы аумағындағы автобустарды тексеру кезінде 753 заңбұзушылық анықталды.

Фото : 24.kz14 февраля 2018, 10:23

Ақтөбе облысындағы автобус апатынан кейін алыс жаққа жолаушы тасымалдайтын көліктердің техникалық жай-күй жіті тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Өткен 20 тәулікте тек Атырау облысы аумағындағы автобустарды тексеру кезінде 753 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асыру, техникалық тіркеуден өтпеу секілді жиі кездесетін кемшіліктермен қатар өрескел құқық бұзу деректері де тіркелді. Мәселен, Өзбекстаннан Маңғыстау облысы арқылы Атырауды басып өтіп Ресейге бет алған үш бірдей шағын автобустың жүргізушісі жауапқа тартылды.

Өзбекстандық азаматтар тізгіндеген автобустар шағын «қонақүйге» айналған. Көлік іші төсек-орынмен жабдықталып, артық адам отырғызуға шақтап жасалған. Жергілікті полиция мен көші-қон полициясы бұл жүргізушілерді жауапқа тартып, басы артық жолаушыларды Ресей бағытына кетіп бара жатқан өзге көліктерге мінгізіп жіберді. Жол сақшыларының қауіпсіздік шарасы 18 ақпанға дейін жалғасады.

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:- «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында барлығы 700-ден астам заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 135 жүргізушіге қоғамдық көлікті басқарып келе жатыр телефонмен сөйлескені үшін хаттама толтырылды. Одан бөлек жылдамдық асыру фактілері бойынша жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии