Лента новостей
0

Мемлекеттік тілде сот төрелігін атқару

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.02.2018 21:50 Фото: zakon.kz

Мемлекеттік тілде сот төрелігін атқару

 

Мемлекеттік мұрағат деректеріне қарағанда, 1925 жылдарға дейін сот үкімдері мен шешімдері ішінара орысша, басым бөлігі араб қарпіне негізделген қазақ әліпбиімен жазылып, берілген. Кейін, жыл өткен сайын, сот ісінде орысша мәтіндер көбейе түскен. Әсіресе, жоғары жақтан нұсқаулар тек орысша келе бастайды. Әуел баста губерниялық болып, сосын Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында округтік сотқа айналған, округтік сот ішіндегі болыстардан қатынас құжаттары мен есептер, баяндамалар араб қарпімен қазақ тілінде келіп тұрған. Құжаттар қолмен де, араб қарпіндегі жазба машинкасымен де жазылған.

1928 жылдан бастап қазақ алфавитін латын қарпіне көшіруге дайындық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты округтік сот жанынан латын әліпбиін үйрету курсы ашылып, судьялар мен сот қызметкерлері латын қарпіне дағдылана, үйрене бастайды. Іс-қағаздарын жүргізудегі бұл қауырт өзгерістер сот қызметкерлерінің жұмыс сапасына қолайсыз әсерін тигізгенге ұқсайды. Кадр алмасулары жиілеген. Округтік сот тұсында сот ісі біркелкі латын әліпбиіне көшіріліп, іс-қағаздары орысша-латынша қаріптермен қазақша қатар жүргізіле бастайды.

Жалпы, жиырмасыншы жылдар бедерінде қазақ тілінде іс жүргізетін мамандарға мемлекеттік ауқымда мән берілген. 1934 жылы желтоқсан айында өзінен бұрынғы сот төрағасы Шевкоплястың орнын алмастырған Баймұхамедов сотқа төрағалық еткен алғашқы күннен бастап-ақ бұйрықтарды латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиі бойынша қазақша жазған. Сот төрағасының орынбасары Жұмағалиев те бұйрықтарды қазақша бере бастайды. 1935 жылы ақпан айынан бастап бұйрықтар бірде латын қарпімен қазақша берілсе, бірде орысша жазылып, сәуір айынан бастап бірыңғай орысшаға көшкен.

Отызыншыжылдарысоттыңіс-қағаздары, негізіненалғанда, латынқарпіненегізделгенқазақәліпбиібойыншажүргізілген. Мемлекеттікоргандаржазбамашинкаларыменбіркелкіқамтамасызетілген. Мекемеаралық хат-хабар алмасуларғаорысша, көпшілікжағдайдақазақша (латын) жазбамашинкаларықолданылған. Басқаруаппаратынқазақшағакөшіріп, ұлткадрларынтүбегейліжасақтаубелсендіқолғаалынғанынақарамастан, осы мақсаттағынұсқаулардыңтиістідәрежедеорындалмауыжұмыстыіркіліскеұшыратқандығы сот мекемесініңәділеторгандарынаберіптұрғанақпараттарыныңмазмұнынананықаңғарылады.

1940 жылғы 4 желтоқсандағы №150 бұйрықтажаңаалфавиткекөшуге (кириллица - орысқарпіненегізделгенқазақәліпбиі) дайындықжұмыстарынабайланыстыЕңбекшілердепутаттарыоблыстықкеңесініңатқарукомитетініңжанынанашылған 10 күндіккурсқаекіншісатыдағықылмыстықістержөніндегітергеуалқасыныңхатшысыөндірістенқолүзіпоқуғажіберілген.

Қырқыншыжылдарбедеріндеқазақжазуыныңорысқарпінетүпкіліктікөшірілуікеңесқоғамындағықазақтілінің де алдағытағдырынайқындады. Кеңесөкіметідәуірлептұрғанжылдардақазақтілінмемлекеттіктілретіндемемлекеттікоргандардақолданысқаенгізумәселесімүлдеескерусізқалдырылды.

Қазақтілініңмемлекеттікмәртебесінорнықтырутәуелсіздікалғанжылдарданбастапқанақайтаданқолғаалынды.

Облыстықсоттаіс-қағаздарынжүргізудімақсаттытүрдемемлекеттіктілгекөшірубасталды. Соттыңтөралқамәжілістерінде, істердіңқажеттілігінеқарай, қазақжәнеорыстілдерінде, ал маңыздыбасқосулар, жалпыжәнеұйымдастырусипатындағытөрала, алқамәжілістері, жұмысқорыындыларыбойыншаөткізілетінжиындармемлекеттіктілдежүргізілебастады.

Облыссоттарындағымемлекеттіктілдеісжүргізудіңжай-күйінеталдаужасалыныпотырылды. Сот жүйесімемлекеттіктілдеісжүргізугекөшкенбастапқыжылдарыжергіліктіұлтөкілдерітығызорналасқанаудандарда сот ісінегізіненмемлекеттіктілдежүргізілді. Облыстық сотта мемлекеттік тілді меңгеру курсы жұмыс жасады.

Мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламаларына байланысты бүгінде сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясы ұдайы назарда. Тіл саясаты тиісті бағамдар бойынша қадағаланып, табанды түрде жүргізіліп отыр.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы №36 өкіміне сәйкес, республика соттарындағы іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру барысы тиісті бағамдар бойынша қадағаланып келеді.

Атап айтқанда, соттардағы кіріс-шығыс, ішкі және жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің, соттардағы қазақ тілінде қаралып жатқан істердің үлес салмағы, судьялардың және сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері арнайы кесте бойынша қадағаланып отыр. Барлық соттарда сот төрағаларының өкімдерімен мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелер, топтар мен комиссиялар, мемлекеттік тілді дамытуға жауапты тұлғалар белгіленіп, мемлекеттік тілді дамыту бағытында белгіленген іс-шаралардың мақсатты түрде жүзеге асуына басшылық жасауда.

Бүгінде қазақ тілі мемлекеттік биліктің сот тармағында да лайықты биігіне көтеріліп келеді. ҚР Жоғарғы Сотының талдауы көрсетіп отырғандай, республика соттарының жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының үлесі жоғары пайызға жетіп, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда едәуір артқан.Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшірілді. Сондықтан, мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымдары (нормативтік актілерден басқа) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік тілде жүріп жатыр. Құжаттың орысша нұсқасы қажет болған жағдайда ғана (заңды және жеке тұлғалардан жазбаша өтініш білдірілген жағдайда) қоса жолдануы мүмкін. Онда да гербтік (фирмалық) бланкіге мәтіннің мемлекеттік нұсқасы басылуы міндет. Сот кеңселері қазіргі кезде осы талаптар аясында жұмыс жасап отыр.

Аталған талаптар орындалмаса, мемлекеттік органдардан ресми тілде ғана келген құжаттарды қабылдамауға немесе кері қайтарып жіберуге заң нормалары кедергі келтірмейді.

Мемлекеттік органдар арасындағы хат алмасу, жиналыстарды өткізу, жиналыс хаттамаларын жүргізу тілі Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабының 1-тармағы мен тіл туралы заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Осы заң қағидаларын бұлжытпай қолдану арқылы соттарда іс-қағаздарын жүргізу мен сот төрелігін атқару ел азаматтарының заңды мүдделеріне сай атқарылып отыр.

Елдігіміз нығайып, ұлттық келбетіміз ажарланған сайын мемлекеттік мәртебесі жоқ қосалқы ресми тіл өзі-ақ біртіндеп тұрмыстық қарым-қатынас аясына, сыртқы саясат, халықаралық қатынастар көкжиегіне қарай ысырылып, ығысып бара жатқанын көзіміз көріп отыр. Бұдан Тәуелсіздік жылдарында саяси және құқықтық деңгейі жетіле түскен Қазақстан халқының мемлекет құраушы ұлттың тілі мен діліне, мәдениеті мен салт-дәстүріне анағұрлым ден қойғандығынан да байқауға болады. Елімізде қазақ ұлтының айқын басымдылыққа ие болып, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалардың, арнаулы және жоғары оқу орындарының қаулай өсіп, қажеттілікке айналуы, қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік қызметке кіруге, бұрыннан орны барлары тұрақтанып қалуға талпынып, мемлекеттік тілді жаппай меңгеріп жатқандығы осының айғағы.

Қарағанды облысы бойынша

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

аға сот приставы А. Макашев

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: