Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Б. Байбек: Кәмелетке толмағандар баратын болса, компьютерлік клубтар жабылады

Ата-аналар балаларының түні ішінде немесе кешкі уақытта қайда жүргенін білуі керек.

Фото : Otyrar.kz21 февраля 2018, 12:48

Алматыда 18 жасқа толмаған балалар кешкі уақытта түнгі және компьютерлік клубтарда болатын болса, оларды жауып тастаймыз. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесу барысында қала тұрғындарының сұрағына жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алдымен, ата-аналар балаларының түні ішінде немесе кешкі уақытта қайда жүргенін білуі керек. Сондай-ақ, жергілікті полицияға да қоятын сұрақ туындайды, олар балалардың түнгі клубтарда жүргенін, спиртті ішімдік ішуге рұқсат алғанын тексеруі қажет», - деді әкім.

Әкім қалалық жергілікті полиция өкілдеріне күнделікті клубтарда тексеру жүргізуді және жасөспірімдердің ата-аналарымен жұмыс істеуді тапсырды.

«Клубтардың жұмысы қалай жүріп жатыр? Ондай жағдайда олардың лицензиясын алып, жауып тастауымыз керек. Егер ережеге қарсы шықса, бәрін жабу керек», - деді ол.

Әкім сондай-ақ, ата-аналар өз балаларымен қарым-қатынас орнату керек екенін айтты. «Егер бала темекі шегуді қаласа, онда ол шегетін жер мен мүмкіндік табады». Ата-аналар үнемі балаларымен әңгімелесіп отыруы тиіс», - деді Байбек.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқыңыздар


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии