Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақышев Qazqom мен Халық банктің қосылу процесіне қатысты пікір білдірді

Бұл процес 2018 жылдың соңында аяқталуы тиіс.

Фото : abctv.kz.22 февраля 2018, 12:19

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев еліміздегі екі ірі банктің бірігуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазіргі уақытта екі банктің, Халық банк пен Qazqom-ның бірігу үдерісі жалғасуда. Осы банктердің басшылығынан бізге жеткен ақпарат бойынша 2018 жылдың соңына дейін бұл үдерісті аяқтау жоспарланып отыр. Біз бұл жоспар басшылықтың тарапынан іске асады деп үміттенеміз. Екінші жағынан, бұл процестің қаншалықты күрделі екенін түсінеміз, өйткені бұл екі ірі қаржы институты", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, банктерді біріктіру ұзақ уақытты қажет етуі мүмкін.

"Бірақ біз оларға табыс тілейміз, қазіргіден де тұрақты, мықты институт құрылсын. Бұл негізгі талап, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығы толық қорғалу керек", - деді ол.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии