Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алексей медаль алмаса, биыл алған жалақымды кері қайтарып беремін - Полтораниннің бапкері

Мати Алавер өз шәкіртінің медаль алатынына сенімді.

Фото : Sn.kz23 февраля 2018, 14:07

Ертең Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар үшін ең маңызды күндердің бірі. Бұл күні жарыс жолына медальдан басты үміткеріміз - шаңғышы Алексей Полторанин шығады. Ал, шаңғы спортынан ұлттық құраманың бас бапкері Мати Алавер өз шәкіртінің медаль алатынына сенімді. Бұл туралы спорт маманы Караван тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Sn.kz.

"Маған ХОК-тың бұрынғы басшысы Хуан-Антонио Самаранчтың "спортта ең бастысы - спортшы" деген сөзі ұнайды. Ал, оның жауапкершілігін бапкерлері мен дайындаған өзге де мамандар өз мойнына алуы тиіс. Бірінші кезекте - бапкері. Сондықтан мен де осындай жүкті сезіне отырып мынаны айтқым келеді: егер Алексей сенбі күні медаль ала алмаса мен осы маусымда алған барлық жалақымды кері қайтарып беремін", - деді Алавер.

Эстон маманы осылайша өзге де бапкерлерге үлгі болсам дейді. Яғни, спортшылар мен бапкерлері Олимпиада секілді байрақты бәсекелерге турист ретінде барып келулерін доғаруы керек деген пікірде.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии