Лента новостей
0

«Жаңа Жетісу» алматылықтарды несімен таңғалдырды?

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.02.2018 14:43 Zakon.kz
Тұрғын үй кешен қаланың таңдаулы ауданында, Саин-Абай-Момышұлы көшелерінің бойында орналасқан.

Болашақ тұрғындарды өз пәтерлерімен құрылыс кезінде таныстыру BI Group компаниясының бұрыннан қалыптасқан дәстүрі. Бұл жолы қонақтарды Алматыдағы «Жаңа Жетісу» тұрғын кешені қарсы алды. Клиенттер мен сатып алам деушілер үшін өздерінің болашақ үйлері туралы барлық ақпаратты, дәлірек айтсақ құрылысшылардың кәсіпқойлығынан бастап пәтердің жоспарына дейін, тіпті қолданатын құрылыс материалдарының сапасына дейін білу – маңызды!

Сонымен, бұл үй несімен ерекше, қандай жаңа стандарттар қолданылды? Бұған жоба жетекшісі Николай Ватутин жауап берді:

- Жаңа Жетісу өзіндік заманауи дизайнерлік идеяларымен және өмір сүрудің қолайлы жағдайларымен ерекшеленеді. Холлдардың авторлық дизнайны, Оңтүстің Кореялық лифтілер, тиімділігі жоғары заманауи инженерлік жүйе, тіпті үйдің бас жоспары жасауға халықаралық тәжірибесі бар сәулетшілермен жасалған.

Тұрғын үй кешен қаланың таңдаулы ауданында, Саин-Абай-Момышұлы көшелерінің бойында орналасқан, айтпақшы жақын арада бұл жерде «Достық» метро станциясы іске қосылады. Тұрғындардың жайлылығы үшін тұрғын үй көлік шуынан тысқары орналасқан.

Әсел Төлеңгітова, жаңа пәтер иесі:

- Қаламыздағы ең өзекті мәселе – көлік қоятын орын, мұнда оған аса мән берілген. Жерасты паркингінен бөлек, келген қонақтарға да көлік орны қарастырылған. Тұрғындардың жайлылығы үшін жаңа стандарттардың қолданылып жатқаны қуантады!

BI Group-тың бірде-бір тұрғын үй кешені ойын алаңынсыз жобаланбайды. Үйдің «кішкентай» тұрғындарына да аса мән берілген: қауіпсіз аула, бейнебақылау, интерактивті құрастырылымдары бар балалар алаңы, футбол, баскетбол, волейбол алаңы.

BI Group Almaty Бас директоры Айдос Мукатаев:

«Жаңа Жетісудің» орналасқан жері өте ыңғайлы. 4 тұрғын үй блокта 277 пәтер бар. Бәрімізге белгілі, Алматы өңірі ең сейсмикалық өңірлердің бірі. Сондықтан, инженерлер мен жобалаушылардан құралған командамен, үйдің конструктивті схемасы әзірленіп, көлемді жоспарлау шешімдері қабылданды. Есесіне, ғимарат 9 баллдық жер сілкінісіне шыдайды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: