Лента новостей
0

2017 жылы қазақстандықтарға сатылған газ құны 57 млрд теңгеге дотацияланған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.03.2018 12:19 Zakon.kz
Яғни тұрғындар қызметтің басқа түрлері есебінен дотцияланатын газды пайдалануда.

Бүкіл ішкі нарықта тұтынылатын тауарлық газ өзіндік құнынан төмен бағамен сатылуда екен. Бұл дерек «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2017 жыл қорытындысы туралы аудиторлық есебінен белгілі болды. Әлеуметтік бағдарланған компания ретінде ұлттық оператор ішкі нарықта тұтынылатын тауарлық газды өзіндік құнынан төмен бағамен жеткізіп келеді.

Яғни тұрғындар қызметтің басқа түрлері есебінен дотцияланатын газды пайдалануда. 2017 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ ішкі нарықтағы газ операцияларын 57,6 млрд. теңгеге дотациялаған, ал 2015-2017 жж. кезеңіндегі дотация сомасы 167,7 млрд. теңгені құрады.

Егер зер сала қарасақ, ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2017 жылдың қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрлерінің көрсеткіштерін елеулі ұлғайтқан. Аудиторлық есептемеге сай «ҚазТрансГаз» АҚ-ның шоғырландырылған кірісі өткен жылы 662,4 млрд. теңгені құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 77,5 млрд. теңгеге жоғары.

Бұл ретте «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының есепті кезеңдегі таза пайдасы 74,8 млрд. теңгені құрапты, ол жоспарланғаннан 23 млрд. теңгеге артық. Яғни ішкі нарыққа газ сатуды дотацияламағанда ҚазТрансГаздың таза табысы 134 млрд теңге болар еді деген сөз.

Сонымен қатар, есептен алынған мәліметке жүгінсек, 2017 жылы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары республика бюджетіне жалпы сомасы 60,3 млрд. теңгеге салық және басқа да міндетті төлемдер төлеген. Магистральдық газ құбырларымен газ тасымалдау көлемі, 2016 жылмен салыстырғанда, 12,7 млрд. текше метрге өсіп, 100,9 млрд. текше метр газды құрады.

Бұл ретте газды экспортқа тасымалдау 34 пайызға ұлғайды және 17,7 млрд. текше метрді құрады, ішкі газ тасымалы 1 млрд. текше метрге ұлғайып, 17,4 млрд. текше метрді құрады. Ал халықаралық газ транзиті 65,8 млрд. текше метрді құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 7,5 млрд. текше метрге артық.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: