Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Назарбаев: Әрбір қазақстандық жылына 7%-бен ипотека алуға мүмкіндік алады

Несиені өтеу мөлшері қазіргідей 14-16% емес, жылына 7% -дан аспау керек - Н.Назарбаев.

Фото : www.1rre.ru5 марта 2018, 13:29

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамалар ұсынды, оның бірі қазақстандықтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін біз әлеуметтік жаңғырту жолында жаңа қадам жасауға дайынбыз. Мен бес президенттік әлеуметтік бастаманы ұсынамын. Бірінші бастама - әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері", - деді Елбасы.

"Біз соңғы жылдары азаматтарымыздың үй алу мүмкіндігін кеңейту үшін көп жұмыс істедік. Өткен жылы ауданы 11,2 млн шаршы метр болатын тұрғын үй салынды. Бұл - бұрын болмаған рекордтық көрсеткіш. Алайда бұл атқарылған жұмыстар жеткіліксіз. Әлі күнге дейін көптеген отбасыда өзінің үйі жоқ. Бұл әлеуметтік маңызы бар проблеманың бірі. Біз ипотекаға қолжетімділікті арттырып, осы мәселені шешу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, әрбір жұмыс істеуші азамат пәтер сатып алу үшін тиісті тетіктерді қарастыру керек.

"Сондықтан мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни бір жұмыс істеп отырған қазақстандық ипотекаға үй алып, келесі талаптар бойынша үй алатын болады. Ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 14-16% емес, 7% құрайды. Егер қазіргі таңда банктер ипотекалық несиенің міндетті бастапқы жарна 30%, кейде 50% талап етсе, енді міндетті алғашқы жарна 20% аспауы керек. Ал ипотека 10-15 жылға емес, 25 жылға берілуі керек. Бұл азаматтар төлейтін ай сайынғы ақшаның мөлшерін азайтады», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Тақырыпқа қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден оқи аласыздар.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии