Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қайрат Құдайберген табиғат апатына алдын ала дайындалмаған шенеуніктерді сынады

Егер қыстыгүні шамадан тыс қар жауса, көктемде су тасқыны болатыны түсінікті.

Фото : Stan.kz14 марта 2018, 15:55

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген Аягөздегі су тасқынын алдын алмаған шенеуніктерді сынға алды. Ол қауіп бар екенін біле тұра, қол қусырып қарап отыратын әкімдерді Байбектен үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Жыл сайын осы бір проблема алдымыздан шығады. Жыл сайын қыста қар жауып, көктемде ериді. Бірақ неге екені белгісіз, жыл сайын бұл құбылыс кей әкімдер үшін нағыз «тосынсыйға» айналады.

Егер қыстыгүні шамадан тыс қар жауса, көктемде су тасқыны болатыны түсінікті. Оны болдырмау үшін алдын ала қамдану қажет”, – деген Құдайберген биылғы жылы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің тыңғылықты іс атқарғанын атап өтті.

«Кей шенеуніктердің қателігінен неге қарапайым халық зардап шегуі керек? Неге болған оқиғадан кейін басына іс түскен жандарға қарапайым халық көмектесу керек? Неге мұндай кезде ұлттық қордан ақша бөле алмаймыз? Немесе шұғыл жағдайларға арнайы қосымша қор неге ашпаймыз?» – деп ашынды кәсіпкер.

«Біз қарапайым халық, қиындыққа тап болған бауырларымызға көмектесуге дайынбыз. Бірақ осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін шенеуніктердің де ойланатын уақыты жеткен сыңайлы», – деді кәсіпкер.

Бұдан өзге, Қайрат Құдайберген бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы cу тасқынынан зардап шеккендерді қолдау үшін 40 көмек орнын ашатынын хабарлады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии