Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шетелден әкелінетін тауық етінен сальмонелла мен ішек таяқшасы табылды - Бекшин

Шетелдік компаниялар тауық етінің салмағын арттыру үшін фосфаттарды пайдаланады.

Фото : ҚазАқпарат14 марта 2018, 17:09

Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин шетелден келетін тауық етіне жасалған сараптаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз сальмонелла, листерия, ішек таяқшасы сияқты потогенді микрофлорасы бар өнімдерді анықтадық. Соның ішінде «Брянский бройлер», «Чебаркульская птица», «Нагайбакск құс кешені», «ФинИнвест», «Инжевинск құс фабрикасы» және «Приосколье» бар. Бұның барлығы - Ресейдің өнімдері. Бұдан бөлек, АҚШ-тың екі компаниясы, сондай-ақ, Беларусьтың «Куриное царство Брянск», «Смолевича Бройлер», «Витебск бройлер фабрикасы», «Дружба құс фабрикасы» мен «Серволюкс Агро»-ның өнімдерінде қауіпті микрофлора анықталды», - деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Аталған тауық өнімдерінің патогенді микрофлорасы 0,5-3,5 есеге артық болып шықты.

Бас дәрігердің айтуынша, шетелдік компаниялар тауық етінің салмағын арттыру үшін фосфаттарды пайдаланады. Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан аймағында фосфаттар түріндегі қоспаларды қолдануға тыйым салынған. Алайда өндірушілер заңды бұзып, фосфаттардың көмегімен өнімнің ылғалдылығын көбейтіп отырады.

«Мәселен, егер жай суды қоссақ, онда ол мұзға айналып, етті жыртып жібереді. Ал фосфаттар етке сіңіп кетеді де, ағып кетпейді», - деп атап көрсетті Ж.Бекшин.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии