Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Бишімбаевтың әйелі: күйеуіме он жыл береді деп ойлаған жоқпын

Бүгін сот үкімімен экс-министр Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, он жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото : i.ratel.kz14 марта 2018, 17:47

Сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Назым Бишімбаева сот үкіміне шағым түсіретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз үкіммен келіспейміз. Сот істің бүге-шүгесін анықтаған жоқ деп санаймыз. Судья тек жанама айғақтарды ғана келтіріп отырды. Ешқандай тікелей айғақ ұсынылмады. Сондықтан біз келіспейміз, шағым түсіреміз… Менің күйеуім мұндай жазаға лайық емес. Нұрлыбек те солай. Оны да ақтауы керек еді деп санаймын", — деді Бишімбаевтың әйелі үкім оқылғаннан кейін.

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа жала жабылып отыр.

"Жақсыбаев менің күйеуіммен кездескен жалғыз адам. Қалғандары кездескен де, сөйлескен де жоқ. Үкімге тек Жақсыбаевтың (сотталғандардың бірі) айтқандары ғана негіз болып отыр. Біз өзіміздің контр-айғақтарымызды, куәгерлерімізді әкелдік. Менің жұбайымның кінәсіз екенін толығымен дәлелдедік деп ойлаймын. Ал Жақсыбаевтың өзіне – 2,6. Әрине, менің күйеуіме жала жауып отыр", — деді Назым Бишімбаева.

Журналистер одан адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағымданып-шағымданбайтынын сұрады.

"Біз қазір үкіммен танысып, адвокаттармен ақылдасамыз. Бұл ықтималдылықты жоққа шығармаймын", — деді әйелі.

"Күйеуіме он жыл береді деп ойламадым. Ақталып шығатынына сендім", — дейді Назым.

Айта кетсек, бүгін Астанада сот үкімімен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы істің басқа да фигуранттарына үкім шықты. Сот үкімімен Бишімбаев айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленуімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте жетекшілік ету құқығынан өмір бойына айырылды. Бишімбаев жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ал Бишімбаевтың немере бауыры Сұлтан Нұрлыбек 7 жылға сотталды.

Қуандық Бишімбаевтың кәмелетке толмаған төрт баласы бар.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии