Лента новостей
0

Қызметтік әдепті сақтауы - әрбір судьяның міндеті

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.03.2018 21:10 Фото: zakon.kz

Қызметтік әдепті сақтауы - әрбір судьяның міндеті

 

Елімізде бүгінгі күні аудандық соттан бастап, Жоғарғы Сотқа дейінгі барлығы дерліктей сәулетті де, сәнді ғимараттарға көшіріліп, судьялардың жұмыс істеулеріне барлық жағдай жасалынған, олардың жұмыс орындары компьютермен, интернет желісімен, басқа да автоматты жүйелермен камтамасыз етілгені белгілі.

Солай бола тұра, соңғы кездері сот саласына қатысты айтылып жүрген сын-ескертпе, кемшілік, көңіл толмаушылықтың тыйылмай келе жатқаны жекелеген судьялардың жұмысына, іс-әрекетіне, тіпті әдептілік қағидаларын сақтауына қатысты болып отырады.

Азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен сатылмайтындық мәселелерінде биліктің сот тармағына, сондай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демократиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігі сөзсіз.

Сот жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш, басты тұлға судья болып табылады. Халық жалпы сот жүйесінің жұмысына судьялардың білімі мен біліктілігіне, өрісі мен мәдениетіне қарай баға береді.

Бұл ретте судья сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуға тиіс.

Яғни, судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс.

 Судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, кімнен шыққандығына қарамастан қорқытуға, қысым жасау мен құқықтық емес әсерлерге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұру қажет.

Судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және процеске қатысушылар мен өзге де сот отырысына қатысушы адамдардан сондай қарым-қатынасты талап етуге және сот төрелігінің әділдігі олардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануға тиіс.

Осы және басқа да әдептілік қағидалары Қазақстан 2016 жылғы 21 қарашада өткен Республикасы судьяларының VII съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексімен реттелген

Сондай ақ, сот билігінің беделін түсіруге әкеп соққан және судьяның абыройына нұқсан келтірген әдеп ережелерін бұзу судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тарту үшін негіз болып табылады.

 

Қарағанды облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Самат Мырзахметов

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: