Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қ.Қасымов Қазақстанға шетелдіктердің сапарлауы тәртібін түсіндірді

Шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылуда.

Фото : qamshy.kz16 апреля 2018, 14:38

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанға шетелдіктердің сапарлауы тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазір елімізде депутаттық корпустың белсенді қатысуы мен қолдауы арқасында жаңа миграциялық саясат қалыптасты, бұл халықаралық стандарттарға сай келеді. Шетелдік жұмыс күшін тарту квота беру тетігі арқылы жүзеге асада. Бұл мамандар құрылыс саласында, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейді. Сонымен қатар заң бойынша нақты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік кәсіби жұмысшыларды квотасыз әрі рұқсатсыз тартуға мүмкіндік бар. Әр мемлекет азаматтарының елімізге келу мен тіркелу рәсімі әртүрлі. Қазақстанға кіру үшін олардың көбіне виза керек. 19 елмен жалпы азаматтық паспорттар бойынша келудің визасыз тәртібі туралы келісім жасалды. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық одақ елдері де бар. 45 елдің азаматтары 30 күнге дейін виза рәсімінен және тіркелуден босатылған», - деп нақтылады министр.

2016 жылғы шілдеден бастап Қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтасып туристік сапарларын жеңілдету туралы меморандум қолданыла бастады. Мұнымен қоса, шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылуда. Инвесторлық виза 3 жылға беріледі. Инвесторлардан ішкі істер органдарында тіркелу талап етілмейді.

«Соңғы жылдары шетелдіктерді тіркеу рәсімін біршама жеңілдеттік. Экономикалық дамыған және саяси тұрақты 56 елдің азаматтары шекарадан өткен бойында кеден қызметінде тіркеле алады. Бұл оларды көші-қон қызметіне келіп, тіркелуден босатады», - деп түсіндірді Қасымов.

Сонымен қатар ол Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Тәжікстан азаматтары ерекше мәртебеге ие екенін еске салып өтті. Олар шекарадан өткеннен бастап 30 күнге дейін тіркелуден босатылады. ЕАЭО елдері азаматтарына біздің мемлекетімізде жұмыс істеуі үшін рұқсат керек емес. Өткен жылдан бастап шетел азаматтарын қабылдайтын барлық заңды әрі жеке тұлғалар оларды «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркеуге мүмкіндік алды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии