Футболдан әлем чемпионатына ең көп билетті ресейліктер сатып алған

19 апреля 2018, 17:33

Футбол сүйер жанкүйерлер бұл дүбірлі доданы асыға күтуде.

Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына санаулы күндер қалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Футбол сүйер жанкүйерлер бұл дүбірлі доданы асыға күтуде. Осыған орай Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бүгінге дейін сатылған билеттердің статистикасын жариялады.

Олардың мәліметінше, әлем чемпионатына бүгінге дейін 1 698 049 билет сатылған. Олардың 796 875-ін (немесе 46,9%) ресейлік футбол жанкүйерлері сатып алған. Одан кейін АҚШ (80 161), Бразилия (65 863), Колумбия (60 199), Германия (55 136), Мексика (51 736), Аргентина (44 882), Перу (38 544), Қытай (36 841), Австралия (34 628) және Англия (30 711) елдерінің жанкүйерлері тұр.

Еске сала кетейік, билет сатып алу бойынша ондыққа кірген АҚШ, Қытай елдері бұл әлем чемпионатына қатыспайды.


Акции
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript